Математика 3 сынып
Мақсаты:
1 Білімділік: Сандарды 3 есе арттыру, 3 есе кемітуге байланысты білімдерін тиянақтау. Көбейту кестесін жатқа білуін талап ету.
Дамытушылық: Ой-өрісін, зейінін есте сақтауын, көбейту мен бөлу дағдылырын дамыту.
Тәрбиелік: Алғырлыққа, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Тақырып, тапсырмалар, скотч «Күн» ойыны, Киндер сюрприз, геометрирялық денелер, магниттік тақта, арқан.
Түрі: Пысықтау сабағы, ойын.
Әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушыларды ұйымдастыру: психологиялық дайындық.
- Үй тапсырмасын тексеру. (4 оқушы оқиды- әр оқушы өз дәптерін тексереді)
II. Негізгі кезең:
- «Күніміз ашық болсын!»(3- тің көбейту кестесіне ауызша есептеу). Ойыны.
Мақсаты: Күн бетін жауып тұрған бұлттарды ашу. Яғни артындағы көбейту кестесін айту.
- Хормен 3-тің көбейту кестесін айту.
- Күніміз жарқырып тұр. Көңіл- күйіміз қалай? Келесі 59 беттегі №1 есепті орындасақ, бізді бір тосын сый күтіп тұр. Сондықтан бірлесе отырып есепті шығарсақ. Оған кері есеп құрастырсақ.
I топ оқушылары: 59 бет №2 (есепті өз бетімен).
Есеп: № 1, 59 бет Кері есеп
Көк сыр- 6 кг Ақ сыр- 18 кг
Ақ сыр- 18 кг ? есе артық ↑ Көк сыр- 6 кг ? есе кем ↑
Ш: 18:6= 3 Ш: 18:6= 3
Ж: 3 есе артық Ж: 3 есе кем
Сергіту сәті.
- Сендерді күтіп тұрған тосын сый «Киндер сюрприз» деген сүйікті жұмыртқаларың. Осы жұмыртқаны ашып, ішіндегі қандай ойыншықтар барын білу үшін келесі тапсырмаларды орындаймыз (ойыншықпен бірге логикалық есептер.)
1 қатарға:
Бір топ бала тоғаннан
Он бес балық ұстадық.
Бөліскенде оларды
Тиді әркімге 3 балық
Сынайын бір ал сені
Бала сонда қанша еді?
(Ш: 15:5=3 бала)
2 қатарға:
Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын 5 алма
Біреуін бер Сайынға
Сонда қалмақ қанша алма?
(5х5-1=24 алма)
ә) Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлақтары ғана көрініп тұр: Қанша қоян?
б) Бір ұршық жіптен 2 балаға қолғап шығады. 4 ұршық жіптен неше балаға қолғап шығады?
в) Ауылда 4 күн, 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты?
г) Тымақ қымбат тақиядан, тақия қымбат қолғаптан. Осы үшеуінің қайсысы арзан?
- « Кім жылдам?»
( Дәптермен, тақтамен жұмыс)
59 бет № 4 (а), (ә ) Сандарды 3-ке кеміту,3 есе кеміту
Арнайы кестелерді тақтаға ілу.
Тақтаға шығып 2 қатардан 2 оқушы кестені толтырады. (Қалқандағы өз бетімен дәптерде.
- «Күн-түн.» Геометриялық денелердің орнын жылдам ауыстыру. Не өзгерді? Көздердің ашып-жұмады. Зейіндерін байқау.
- Көп білетін оқушы
Тез есептей алады
Теңдеулердің шешімін
Дұрыс тауып береді.
Яғни 2 қатар жарысамыз. Дәптерге 59 бет №5 (Арқан тартыс-ойын).
Топ басшылары өз тобының оқушыларын тексереді. Бағалалайды. Қай қатар оқушылары қатесіз орындаса. Сол арқанды тартып алады
ІІІ Қорытындылау:
Көбейту компонеттерін атап шығыңдар? Сандардың неше есе артық, неше есе кем екенін білу үшін қайтеміз?
Сабақ ұнады ма?
Бағалау: Жүйрік екен аты….
Аяңдамай желеді
«5» қоямын оған мен
Бірінші орында келеді.
Білмей қалған жерлерін
… мықтап миға тоқиды
Бұгін «4»-ке оқыса
Ертең «5»-ке оқиды.
Есептегеніне . ….
Көңіліміз толмады.
Білімін көрсете алмады.
Білімін көрсете алмады.
Үйге тапсырма: 59 бет №6
