Достық фестивалі
Мақсаты: Оқушыларды саяси саналыққа тәрбиелеу. Елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін, достықты қадірлейтін адамзатты қалыптастыру. Патриоттық сезімге баулу.
І жүргізуші:
1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары тоталитарлық режимге қарсылық көрсеткен күн бәрімізге белгілі. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 25 жыл өтті. Өмір-өзен толқындары бізді әйгілі 16-шы желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатып әкетіп бара жатса да жүректер де мәңгілік ұмтылмайтын бір нәрсе бар. Ол –дүниені дүр сілкіндірген сол үш күн ішінде қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым құрмет етеміз.
Осындай жастарымыздың қайсарлығы, өжеттілігі, батырлығы, ұлтжандылығы арқасында бізге тәуелсіздік таңы атты.
ІІ жүргізуші:
Биылғы жылы Тәуелсіздік таңының арайлап атқанына 20 жыл толып отыр. Осы жылы Ы. Алтынсариннің 170 жылдығы, Абылай ханның 300 жылдығы, Д. Нұрпейісованың 150 жылдығы, М.Мақатаевтың 80 жылдық торқалы тойлары тойланып жатыр.
VII қысқы азия ойындарының Қазақстанда өтуі, Тәуелсіз елімізді бүкіл әлемге мойындатқаны емес пе?
І жүргізуші:
Көңілге бір түйін түйелік
Тіршілікке кім жасамақ иелік?
Халқымыз аман болсын өнегелі
Елбасының ықпалына сүйеніп.
ІІ жүргізуші:
Отаным ордасы ғой игіліктің
Көңіліне күн орнатқан күллі жұрттың
Шаңырағы отыз ұлттың тең биіктеп
Баянды бағы өрлеген әр халықтың.
Би: «Достық шаңырағы»
І жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар Сіздерді 16- желтоқсан Тәуелсіздік төл мерекемізбен шын жүректен құттықтап, бүгінгі Достық фестивалын ашық деп жариялаймыз.
ІІ ж:
Достық фестивалі 4 бөлімнен тұрады:
- Құттықтау.
-
Ұлттық киім.
-
Ұлттық өнер.
-
Ұлттық тағам.
Ән: «Елім нұрлы!»
І ж:
Қарадым құт дарыған Отаныма,
Жарты әлем сыйып жатқан орамына.
Жүрегін адамзаттың дүр сілкінткен,
Құдіретті көк туыммен пырағыма.
ІІ ж:
Елеуірінді елтаңба шаңырағымен,
Тағдырымыз тоғысқан толы ағынмен.
Мәңгілік біз біргеміз мерейі үстем
Мәртебелі Тәуелсіздік тұғырымен.
І ж:
Бейбітшілік ұранымыз,
Достық, бірлік жыр-әніміз
Таңғажайып ұлы Отанда
Тату-тәтті тұрамыз біз! дей келе бүгінгі мерекемізді құттықтауға отандас басқа ұлт өкілдері де келіп отыр.
ІІ ж:
Қандай ғажап ажарлы аса көркем,
Татарстан арайлы жақын өлкем.
Еліміздің елеулі ұлысың сен,
Достығымен жарасып жайған өркен.
3 «В» сынып оқушылары «Татар ұлты»
І ж:
Қадірменді бір досымыз-өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің.
4«Г» сынып оқушылары «Өзбек ұлты»
ІІ ж:
Бауырым түркі халқы күлімдеген,
Қарсы алар әсем ырғақ әндерімен.
Жайнаған халқыңның мейірімі,
Жүзіңнен көңілімнің күнін көрем.
3 «Г» сынып оқушылары «Түрік ұлты»
І ж:
Тербеледі әр әніңнен сырлы саз,
Тереңінен жүректің сыр қозғаған.
Тебіренте билетеді сені де,
Би билесе елжіретер бұл үнді.
4 «В» сынып оқушылары «Үнді ұлты»
ІІ ж:
Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
20 жасың құтты болсын нұр елім.
20 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім!
І ж:
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
ІІ ж:
Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Ән : «Жаса, Қазақстан»
І ж:
Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі мерекеге арналған «Достық фестивалі» концерттік бағдарламамыз аяқталды.
Келесі кезек құттықтау сөздерге беріледі.
