Без рубрики

WORD2000 құжаттарымен жұмыс істеу

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
Ж. Жабаев атындағы №234 мектеп
Информатика пәнінің мұғалімі Шыныбаева Гүлден Имамадинқызы

Күні: 28 қаңтар 2009 жыл    Сыныбы: 10а сынып  Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: WORD2000 құжаттарымен жұмыс істеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін тапсырмаларды орындау барысында тиімді пайдалану, алдына
қойған мақсаттарына жету.
Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс істеуге, шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылыққа баулу.
Пән аралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі, құқық негіздері.
Сабақтың түрі: сот сабағы      Сабақтың әдісі: топпен жұмыс жасау.

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
— Оқушыларды рольдік қызметтерін тағайындау.
— Жұмыс дәптерлерін тарату.
— Мәтіндік редакторды іске қосып, қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
2. Білімді еске тексеру кезеңі.
6-модульдің №1, №2, №3, №4, №5, №6 тапсырмаларын орындау

3. Практикалық бөлім.
1) Міндетті деңгей. Орыны ауысқан сөз тіркестерінен бір шумақ өлеңді құрастыру, тақырыбын, авторын табу.
2) Лайықты деңгей. Орыс тілінде берілген мақал-мәтелді 7 минут ішінде жылдам әрі қатесіз теру.
3) Жоғары деңгей. Ағылшын тіліндегі мәтінді 10 минутта безендіре отырып, сауатты орындау.

Жеке оқушылармен жұмыс.
Куәгерлерге арнайы тапсырмалар арқылы білімдерін тексеру.
1) «Ненің түбі не?» ойыны
2) «Артық термин».

Сабақты бағалау.
Бағалау парағы арқылы және жұмыс дәптерінің нәтижесі арқылы оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: «Қыс» мезгілі туралы өлеңдер мен әңгімелер жинастыру.

барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Төреші: Бердібаева Ақерке
Айыптаушы-тергеуші: Ізтаева Гүлфариза
Қорғаушы: Қарақұлова Айдана
Сот хатшысы: Сұраған Әйгерім

ІІ. Сабақтың жүру кезеңі:

Сот хатшысы: Тұрыңдар! Сот келе жатыр!… Отырыңдар!

Төреші: Қазақстан Республикасының Парламентімен қабылданған

Берілген мақал-мәтелдің жалғасын тауып жазыңыз.

Еңбек түбі ………………………

Көптің түбі…………………….
.
Кәсіп түбі ……………………….

Бейнет түбі………………………

Ынтымақ түбі…………………..

Ұрлық түбі…………………………

Уайым түбі………………………..

Тәуекел түбі……………………….

Берілген тапсырмадан артық терминді тауып Ч батырмасы арқылы белгілеңіздер.

1. Екі, нөл, бес, қосынды, тоғыз
2. Көбейту, өшіру, азайту, қосу, бөлу.
3. Файл, Формат, Бояу, Сервис, Окно.
4. Арифмометр, есепшот, калькулятор, принтер.
5. Синус, вирус, косинус, тангенс.
6. Сантиметр, килобайт, бит, мегабайт.
7. Нүкте, бос орын, үтір, қоснүкте.
8. Альфа, гамма, әліпби, пи.
9. 0.5, 1, 10, 234, 2009
Esc, Enter, Backspace, CD ROM.

1. Міндетті деңгей (5 минут)

2. Лайықты деңгей (7 минут)

3. Шығармашылық деңгей (10 мин)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.