Без рубрики

Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы:«Отбасы татулық негізі»

Мақсаты: Ата-аналармен жұмыс жасау арқылы бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру.

1-кезең. Дайындалу шеңбері:

Ата-аналар мен оқушыларды күтіп алып дөңгелене шеңбер етіп отырғызамыз. Құрметті ата-аналар, біздің бүгінгі тренингіміз бастамас бұрын «Отбасы татулығы дегеніміз не?» деген сауал бойынша өз ойларыңызды білдірсеңіздер.

Кешкенің өмір босқа тек, – дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана.

 

2 кезең.Шығармашылық жұмыс.

1.Ата-аналармен жұмыс.Сауалнама толтыру

  1. «Менің бақытты ата-анам» (шығарма құрастыру, сурет салу)

ОЙ-ТҮРТКІ  РЕТІНДЕГІ  CАУАЛНАМА

1.Сіздің отбасыңызда тікелей бала тәрбиесімен кім айналысады ?

 Шешесі; әкесі; әжесі;

атасы; ағасы; әпкесі; көршісі

2.Сізге ұл-қыздың тәрбиесімен айналысуға нне кедергі жасайды?

 уақыт жоқ; педагогикалық білімім жетпейді;

 мектеп тәрбиелеу керек деп есептеймін

3.Өз балалңызбен көбігне қайда бірге боласыз?

 музейде, театрда, кинотеатрда,

табиғатта, ешқайда болмаймыз

  1. Балаңыздың мектептегі, үйдегі достарын, үйірмедегі жетекшілерін танисыз ба? (аттарын жазыңыз)

5.Балаңыздың қандай мінездерін жағымды және жағымсыз деп санайсыз?(өз жауабыңызды жазыңыз)

6.Сіздің ойыңызша, тәрбиенің қандай әдістері барынша тиімді ?

 сенімге,

 талап етуге,

 құрметке,

 қатал тәртіпке негізделген тәрбие

 

  1. Оқушылармен жұмыс. «Менің қиялымдағы бақытты ата-ана» (әңгіме құрастыру, сурет салу).

3 кезең. Жүректен жүрекке Жаттығу «Құрметтім саған не тілейін?»Мақсаты: Қатысушылардың бір – біріне деген қарым – қатынасын нығайту. Кері байланыс жасау. Бір – біріне деген ыстық ықыласты тудыру.

Жүргізуші:Отбасы,ұшқан жанұя-жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ,оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.Сондықтан оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Құрметтім саған не тілейін» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

Бұл ойында кішкене қиылған жүрекшелер таратылып, қатысушылар өз есімінен атынан туғандарына тілек жазады. Жүргізуші есімдері жазылған жүрекшелерді жинап алады да жұптап қатысушыларды шақырып отырады. Ортаға шыққан жұп «Қымбаттым саған не тілейін?» – деп сөздерін бастап бір – біріне деген ыстық жүректен шыққан тілектерін айтады.Жүректер плакатқа ілінеді. (Ата-аналар ватман мен маркер үлестіріліп беріледі. Сол арқылы модел жасап , ата-аналар да өз ойларын модел арқылы түсіндіреді).

 

4 кезең.Жаднама тарату.

Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейк және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. Сондықтан да, мына жайттарды ескерейк:

1 —Баланың есі кіріп,есейген уақытында талап қою мен тыйым салу кеш. Оған ақырындап, шыдамдылықпен айту керек.

2 —Тыйым мен талаптар шектеулі, көп болмауы қажет.

3 —Тыйым мен талаптар баланың маңызды мұқтаждығына

қарама — қайшы болмауы қажет.

4 —Тыйым мен талап балаға түсіндірілуі қажет.

5 —Тыйым мен талап сабырлы, байсалды үнмен айтылуы керек.

6 —Тыйым мен талаптар ата — аналар тарапынан бірыңғай, біркелкі болуы қажет.

Ой-толғаныс.Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес дей келе, Құрметті ата-аналар сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да,бала көзімен қараңыз дей отырып психологиялық тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айта отырып келесі жаттығумен аяқтаймыз. «Күн жылуы» жаттығуы.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.