Өскемен оқушылары тәжік-ауған соғысының құрбандарын еске алып, тағылымды кеш ұйымдастырды

Өскеменде жас буын тәжік-ауған шекарасында шейіт болған жауынгерлерді еске алды
Өскемен қаласындағы №24 орта мектептің оқушылары тәжік-ауған соғысының құрбандарын еске алып, тағылымды кеш ұйымдастырды. Еске алу кешінің қадірлі қонақтары «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы ардагерлер кеңесінің төрағасы, Таулы Қарабақ қақтығысының ардагері, отставкадағы полковник Айдар Оразбаев және Ауған соғысы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, интернационалист жауынгер Александр Долгов болды. Ардагерлер тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлер ерлігінің құндылығына тоқталды.
– Кеудесін оққа тосып, жасындай жарқылдаған жас ғұмырын тәуекелге тіккен жауынгерлердің өлшеусіз ерліктері әманда ел есінде, ұрпақ жадында сақталуы тиіс. Қайтпас қайсарлық пен беріспес батылдықтың ерен үлгісін көрсеткен жауынгерлердің ерлігін жас ұрпаққа насихаттау жолында сан түрлі іс-шараларға мұрындық болдық. Осы орайда, әскери патриоттық іс-шараларға әрқашан қолдау танытып, мектеп оқушыларының бойына жауынгерлік тәрбие сіңіруде айтулы үлес қосып жүрген білім ошағының директорына алғыс білдіргім келеді, – деді отставкадағы полковник Айдар Оразбаев.
Тәжік-ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алудан бастау алған шарада мектеп оқушылары сахналанған би қойылымдары мен патриоттық әндер шырқады. Айта кетейік, отставкадағы полковник Айдар Оразбаев жиырмадан астам білім ошағына барып, оқушыларға тәжік-ауған қақтығысындағы жауынгерлік қызметтің қиын да сұрапыл сәттерін баяндаған болатын. Сондай-ақ ол өңірдегі «Жас бүркіт» сыныптарына он жеті жауынгердің есімдерін берді. Ұлттық ұлан ардагері мұнымен шектелмей, кадет сыныптарының оқушылардың кеудесіне арнайы он жеті жауынгердің есімі жазылған төсбелгілер тағып, ерен ерлік иелерінің есімін жаңғыртуда.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
В Усть-Каменогорске школьники почтили память павших на таджикско-афганской границе
В средней школе №24 города Усть-Каменогорск состоялся памятный вечер, посвящённый воинам, погибшим на таджикско-афганской границе. Мероприятие прошло в формате содержательной патриотической встречи с участием ветеранов. Почётными гостями стали председатель Совета ветеранов регионального командования «Шығыс», ветеран Нагорно-Карабахского конфликта, полковник в отставке Айдар Оразбаев, а также заместитель председателя Совета ветеранов войны в Афганистане, воин-интернационалист Александр Долгов. В ходе встречи ветераны подчеркнули значимость подвига военнослужащих, отдавших жизни при выполнении боевых задач.
— Подвиг солдат, которые, не щадя себя, вставали под пули и жертвовали молодыми жизнями, навсегда должен остаться в памяти народа и в сердцах будущих поколений. Наш долг — передавать эту память молодёжи, воспитывая в них мужество, стойкость и патриотизм. Особую благодарность хочу выразить руководству школы за вклад в военно-патриотическое воспитание учащихся, — отметил Айдар Оразбаев.
Мероприятие началось с минуты молчания в память о павших воинах. В продолжение вечера школьники представили театрализованные постановки, исполнили патриотические песни и хореографические композиции.
Стоит отметить, что Айдар Оразбаев активно ведёт работу по патриотическому воспитанию молодёжи: он посетил более двадцати учебных заведений региона, где делился историей подвига о службе солдат на таджикско-афганской границе. По его инициативе имена 17 погибших солдат присвоены кадетским классам «Жас Бүркіт», что стало важным вкладом в увековечение памяти героев. Кроме того, учащимся были вручены памятные нагрудные знаки с именами героев, что стало важным шагом в сохранении исторической памяти.
Пресс-служба регионального командования «Шығыс»
