Конституциялық реформа: Қазақстандағы биліктің жаңа моделі

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы ресми түрде жарияланғаны барлығымызға белгілі. Бұл – еліміздің құқықтық және саяси дамуындағы аса маңызды кезеңдердің бірі.
Қазақстан Республикасында мемлекет отбасын өз қамқорлығына алады және отбасындағы қатынастарды арнайы қабылданған заңдар арқылы реттейді.

Конституция жобасының 30-бабында неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында екені, ал балаларға қамқорлық жасау мен оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі міндеті, сонымен қатар кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті екені бекітілген.

Неке – еркек пен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы екендігі туралы ереже енгізілген. Бұл шешім дәстүрлі құндылықтарды ең жоғары құқықтық деңгейде қорғауға және әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Отбасы қатынастарына қатысты Конституцияда қамтылған адам құқығының жалпы нормалары: өмір сүру құқығы, әркімнің жеке басының бостандығы, адамның жеке өміріне және отбасы құпияларына қол сұғылмау және т.б нормалары берілген.
Конституцияның баптарында отбасы мүшесінің ғана емес, жалпы адам құқығының нормалары берілген.

Қазақстан Республикасында конституцияға сәйкес 12-бабында адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оған кепілдік берілген. Заң мен соттың алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысты көзқарастарына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де жағдайлар бойынша кемсітуге жол берілмейді.

Сонымен қатар Конституция жобасында білім беру жүйесінің зайырлы сипатын бекітетін жаңа нормаға да ерекше көңіл бөлінген. Қазақстан Республикасының аумағындағы білім беру ұйымдарында оқу мен тәрбие беру жүйесі, діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, зайырлы сипатта болуы тиіс. Бұл балалардың білім алуға деген құқығын толық жүзеге асыруына жағдай жасайды.

Конституциялық реформа тек мемлекеттік органдар үшін емес, әрбір азаматтың өміріне тікелей әсер ететін құжат. Сондықтан оны оқып, түсініп, өз пікірін айту – баршамыздың азаматтық міндетіміз. Жаңа Конституция – ел болашағын айқындайтын ортақ құндылықтар жиынтығы. Себебі бұл біздің таңдауымыз, біздің болашағымыз. Жаңа Конституция – бүгінгі таңдауымыз арқылы ертеңгі Қазақстанның қандай болатынын айқындайтын тағдырлы құжат.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ассистент-профессоры Карагойшиева Данель Алмасбековна және аға оқытушысы Бектурова Эльмира Калмаханбетовна

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше