Тоғысқан тағдырлар

Өмір – бір-біріне ұқсамайтын жолдардың тоғысар тұсы. Менің өмірім де сол сан алуан соқпақтардың қиылысында қалыптасты. Кейде өзім таңдаған жолмен жүрсем, кейде тағдырдың өзі басқа арнаға бұрып әкеткендей болды. Бірақ әрбір бұрылыс маған бір сабақ, бір үміт, бір күш сыйлады.
Балалық шағым ата-ана махабатына бөленіп өтседе, арманға толы еді. Әр күн жаңа үмітпен басталып, болашаққа деген сеніммен аяқталатын. Өмір жолында түрлі адамдармен жолықтым: бірі – демеу болды, бірі – сынаққа салды. Сол адамдардың әрқайсысы менің тағдырымда із қалдырды. Біреуі сенуді үйретсе, біреуі сабыр сақтауды, ал енді бірі өзіме деген сенімді жоғалтпауға көмектесті.
Қиындықтар да болды. Кей сәттерде шаршап, тоқтағым келген кездер аз емес. Бірақ дәл сол мезеттерде ішкі күшім оянып, алға жетеледі. Себебі менің тағдырым тек өзіме ғана емес, менімен бірге жүрген жандардың тағдырымен де тоғысып жатты.
Бүгін артқа қарасам, өткеніме өкінішпен емес, алғыс сезіммен қараймын. Өйткені әрбір қадамым мені бүгінгі мен етіп қалыптастырды. Тоғысқан тағдырлар – менің өмірімнің мәні, ал мен сол тағдырлар арасынан өз жолымды табуға тырысып келемін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше