Өскеменде ұландықтар қысқы  оқу кезеңін бастады

 Ұлттық ұланның “Шығыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерінде 2026 жылғы қысқы оқу кезеңі басталды. Жаңа маусымға аяқ баспас бұрын ұландықтар өткен жылға қысқаша шолу  жасап, сондай-ақ  биылға арналған жүйелі жоспарларын ортаға салды.

Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінде өткен іс-шараға  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев қатысты. Жиын барысында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы  әскери бөлімдердің офицерлеріне  мемлекеттік-құқықтық дайындық  сабақтарын өткізді.

       –   Мемлекет басшысы атап өткендей, «Біздің қарулы күштеріміз –мемлекетіміздің мызғымас тірегі». Сондықтан  біздің басты міндетіміз – ел тұтастығын сақтап, 130  ұлт өкілдері мекен ететін зайырлы еліміздің ынтымағын нығайту, –  деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев.

         Сонымен қатар, әскери қызметшілерді жаңа оқу жылымен ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник Айдар Оразбаев құттықтады.  

         –  Жаңа оқу жылында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұландықтардың алдында көптеген атқарылар жауапты міндеттер тұр. Аса көлемді іс-шараларда қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ететін жас жауынгерлердің  жауынгерлік қызметтеріне сәттілік тілеймін. Алдыңғы толқын аға буын ретінде мерзімді әскери қызметшілерге әрдайым қолдау танытуға дайынмын, – деді ардагер.   

           Саптық алаңда сап түзеген ұландықтар қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүліктерді дұрыс қолдану, кез келген міндеттерді атқару кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша тәжірибелік сабақтарға тарасты. Жаңа оқу жылында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жауынгерлер алдында атқарылар бірқатар жауапты міндеттер тұр.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

В Усть-Каменогорске у гвардейцев начался зимний период обучения

            С  5 января, во всех воинских частях регионального командования «Шығыс» Национальной гвардии Республики Казахстана начался зимний период обучения личного состава. В своем выступлении  командующий Регионального командования «Шығыс» Нацгвардии РК генерал-майор Арман Жумагалиев  поздравил весь личный состав управления РгК «Шығыс» и воинской части 5518, 3477, 6699 ​ с началом зимнего периода и пожелал успехов боевой учебе и боевой службе.

            Во вступительной речи ​ к личному составу генерал-майор Арман Жумагалиев, отметил, что на сегодняшний день высокий уровень боевой подготовки как никогда востребован в решении задач, возложенных на войска правопорядка. Выполнение этих задач невозможно без профессионально подготовленных военнослужащих.​ Поэтому военнослужащим необходимо внимательно и ответственно подойти к процессу обучения, а их командирам к проведению занятий.  Именно профессионально подготовленные военнослужащие в полной мере смогут выполнить служебно-боевые задачи, применив полученные в процессе обучения знания и умения. ​Затем, со всеми категориями военнослужащих были проведены четырехчасовые комплексные занятия по соблюдению мер безопасности при выполнении повседневных задач службы. Особое внимание руководители акцентировали на порядке обращения с оружием на боевой службе и строгом соблюдении транспортной дисциплины. ​Впереди ответственный и напряженный этап боевой подготовки — изучение действий по тревоге всеми военнослужащими. Молодым воинам предстоит многому научиться на занятиях по тактико-специальной, огневой, строевой, физической подготовке и другим дисциплинам, а также закрепить полученные знания.

Пресс-служба регионального командования «Шығыс»

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше