Африка материгінің ішкі сулары

     Сабақтың тақырыбы: Африка материгінің ішкі сулары       Сабақтың мақсаты:
    А) білімділік:
Африка материгінің ішкі сулары жөнінде түсінік беру,картадан өзен көлдерін тауып сипаттама бере білуді меңгеру.
   Ә) Тәрбелік мәні:Оқушыларды тіршілік көзі суды қорғай,үнемдей білуге, табиғат байлықтарын қорғауға, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу
   Б) Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз ойын жеткізе білу қабілетін, сөйлеу мәдениетін, картамен жұмыс жүргізу дағдысын қалыптастыру.
   Сабақтың типі:  Жаңа сабақ     Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, картамен жұмыс жүргізу әдістері
   Көрнекілігі: Жарты шарлар картасы, глобус, оқулық, тірек сызбалары, сөзжұмбақ, атластар.
  Пәнаралық байланыс: биология, қазақ тілі

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқушылармен сәлемдесу

Ә) Кезекші мәліметі

Б) Оқушылар назарын сабаққа аудару

 

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау

    1.Африка материгіне қандай климаттық белдеулер тән?

2. Экваторлық белдеу материктің қай бөлігін қамтиды?

3. Субэкваторлық белдеу қай аралықта орналасқан?

4. Тропиктік белдеуде кездесетін самум қандай құбылыс?

5. Субтропиктік белдеуде қандай өсімдіктер өседі?

 

ІІІ Оқушылар  білімін жан-жақты тексеру

 

  1. Африка материгіне физикалық-географиялық сипаттама бер.
  2. Материктің шеткі нүктелерін ата?
  3. Материкті кімдер зерттеген?
  4. Африканы қандай мұхиттар шаяды?

 

 

ІҮ Жаңа сабақты меңгерту:

        Африкадағы өзен жүйесінің неғұрлым жиі таралған жері-экватор маңы мен материктің

оңтүстік шығыс бөлігі. Материктің ірі өзен жүйелеріне Ніл, Конго(Заир), Нигер, Замбези

өзендері жатады.

Ніл- Жер шарындағы ең ұзын өзен. Конго(Заир) – Африканың ең мол сулы өзені, су

жинау алабы мен суының молдығы жағынан дүние жүзінде Амазонкадан кейін екінші орын

алады.

Африканың ірі көлдерінің барлығы дерлік Ұлы Шығыс Африка жарылысының бойында

орналасқан. Сондықтан пішіндері көбіне созылыңқы болып келеді. Көлдердің ең тереңі

Танганьиканың ені 50-80 км, ал ұзындығы 650 км-ге жетеді. Африканың ең үлкен көлі-

Виктория.

Эфиопия таулы қыратында лава тасқындарының өзен аңғарын бөгеуінен пайда болған

Тана көлі бар, одан Көк Ніл ағып шығады.

 

 Ү Жаңа сабақты меңгеруді тексеру:

  1. Африка өзендері қандай алаптарда жатады?
  2. Көлдер неге Африканың шығысында шоғырланған?

 

                          Семантикалық картамен жұмыс

Объектілер көл өзен тау шөл мүйіс түбек
Атлас
Сахара
Замбези
Чад
Намиб
Ніл
Сомали
Колахари
Ине

ҮІ Жаңа сабақты бекіту:

 

«Африка» сөзжұмбағы

 

А
Ф
Р
  И
К
А
  1. Үнді мұхиты алабының өзені
  2. Африка деген сөз берберлердің қандай тайпасынан шыққан
  3. Гвинея шығанағына құятын өзен
  4. Африканың ең үлкен көлі
  5. Африканың ең мол сулы өзені
  6. Көк Ніл басталатын көл

 

ҮІІ Үйге тапсырма: Ішкі сулары. Кескін картаға Африкадағы ірі көлдер мен өзендерді белгілеу.

ҮІІІ Оқушы еңбегін бағалау:

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше