Менің Қазақстаным – менің болашағым

Сабақтың тақырыбы:  Менің Қазақстаным – менің болашағым
  Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Отанымыз Қазақстанның өткені мен бүгіні және келешегі жөнінде,елбасының Қазақстан халқына Жолдауы жайында түсінік беру
   Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды Отанын шексіз сүюге,ел қорғаны бола білуге,еліміздің дамуына өз үлесін қоса білетін азамат болып,өз елінің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу
   Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту,дүниеге,қоғамға деген көзқарастарын қалыптастыру.
  Көрнекілігі: «Еуразия жүрегінде» ,Қазақстан Республикасының саяси картасы, бүктемелер, кітап көрмесі, суреттер
Сабақ барысы:Ұйымдастыру

Ой қозғау (Қазақстан жайлы не білеміз?) оқушылар ойын тыңдау

 

Қазіргі кездегі Қазақстан

 

Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан

Сандар мен деректер

 

Президент Н.Ә.Назарбаевтің халыққа жолдауы

 

«Қазақстан елімен сиқырлы саяхат» ойын

 

Қорытынды

 

                  Қазіргі кездегі Қазақстан

Отан деген не? «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз,оны бала кезімізден білеміз.Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері.Туған –туысқандарымен, отандастарымен бірге тұратын ата-мекені.Қазақстанда тұрақты тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан Республикасы.

Қазақстан Республикасы –ұлан –байтақ ,қуатты ел.Жер қойнауында да,жер бетінде де тұнып жатқан байлық мол.Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі он мемлекеттің қатарына жатады.Қазақстан аумағы 2,7 млн шаршы шақырым.Онда 120 ұлт өкілдерінен 15 млн халық тұрады.Әкімшілік –аумақтық  жағынан Қазақстан 14 облысқа,160 ауданға бөлінеді.Конституция бойынша мемлекет басшысы және ең жоғары  лауазым иесі –Президент.Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Парламент екі палатадан тұрады.Жоғарғы палата –Сенат, төменгі палата Мәжіліс деп аталады. Атқару қызметін Үкімет орындайды.

Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері –Елтаңба ,Туы және Әнұраны бар.Қазақстан Республикасы заңында былай делінген: «Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік жалауы көк түсті, ортасында күн шапағына бөленген дала қырыны-бүркіт.Сол жағынан қазақтың ұлттық ою-өрнегімен көмкерілген.Жалаудың көк түсі бірлесу идеясына берілгендікті бейнелеп қана қоймай, бейбітшіліктің, тыныштықтың, тоқшылықтың белгісі іспеттес.Көк түс көңіл ақтығы,адамдық үміт сияқты адамгершілік қасиеттерге сай келеді,өз сәулесіне шомылған күн қыраны қазақ халқының жомарттығы мен қырағылығын,арман ойларының биіктігін бейнелейді.Дәстүрлі ою-өрнек көп ұлтты Қазақстан халқының этникалық тұтастығын көрсетеді.

Елтаңбадағы киіз үйдің шаңырағы ата-баба үйінің ал кеңірек мағынада аспан әлемінің бейнесі. Ертедегіаңыздардағы аттар бейнесі тарихи дәстүрлер менәуендерге ишара жасайды.Алтын жұлдыз асқақ мақсат  пен биік арман белгісі.

Алғашқы әнұран 1992 жылы жолтоқсанның 15-де республика сарайында өткен Қазақстан тәуелсіздігінің 1 жылдығына  салтанатты жиналыста орындалды.

2006 жылы 11 қаңтарда ел Президентінің инаугурациасы кезінде Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні еліміздің жаңа Әнұраны болып қабылданып,орындалды.

          Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан

          Қазақстан халқының сан ғасырлар бойы армандап келген мақсаттарына қолы жетті.Қазқстан тәуелсіздік алып жеке мемлекет болды.Бірақ  тәуелсіздік оп-оңай келген жоқ.Өткен тарихымызға көз жіберсек ,тәуелсіздік жолында қазақ халқының талай қаны төгіліп,азапты соғыстар жүргізілгенін білеміз.

«Ақтабан шұбырындыдан» аман қалғаны енді есін жиып келе жатқанда кіші төңкерістің  қасіретіне ұшырады.Одан кейін аштықтан қаншама миллион адам қырылды. Қалғандарын «қалық жауы», «ұлтшыл»,деген жаламен  атқанын атып,қалғанын ит жеккенде азаптап өлтірді.

Отыз мыңнан астам асыл ерлер күнәсіз атылды,мыңдаған жандар кеңестік лагерьдің тозағынан өтті.Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып,жерімізді қоршаған ер азаматтардан айырылдық.Әлемнің төрт бұрышына кеткеніміз қаншама?

Жері полигонға,лагергеь толды, топырағы тозды.Еліміз киелі Аралынан айрылды.Өз еліне қазақ жат болып,азшылыққа айналды..

Міне осындай сәтте 1986 жылы желтоқсан оқиғасы өрбіді.Ол Кеңес империясының уысында қалған халықты орыстандыруға,полигондарға,лагерьлерге қарсы туған нарызылықтан болатын.

   «Сандар мен деректер» кестесі

  1. Желтоқсанның 1-де 1991 жылы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

2.1991 жылы желтоқсанның 21 і ТМД құрылды.

3.1993 жылы 15-қараша мемлекеттік валюта –теңге енгізілді.

4.1995 жылы 30 тамыз Ата заң қабылданды

5.1997 жылы ел астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді

6.Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасын жолдады.

 

 

       Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауы

Қазіргі таңда ел басшымыз жылма –жыл елдің өркендеп дамуы үшін жолдау жолдап келеді.Биылғы жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға » деп аталды.Онда еліміздің даму бағыттары айқындалып,экономикалық дағдарыстың алдын алу шаралары айтылған. Халықтан үнемшілдік,ұқыптылықты,талап етеді.Жолдауда құрлысы басталған мектептер мен ауруханаларды аяқтап,ескі ғимараттарды жөндеуден өткізу міселесі де көтерілген.Сонымен қатар жоғары оқу орындарында ақылы бөлімде жақсы оқитын студенттерге грантта оқуға мүмкіндік берілді.үндеуде көп балалы отбасыларға,жаңа туған сәбилергежәрдем ақы,зейнет ақы мөлшерін ұлғайту және ауылдық жерде жұмыс орындарын ашу міндеттері қойылған.

Елбасының Жолдауынан қазіргі әлемді шарпыған дағдарыстан бірлігі жарасқан ел ғана жол таба алатындығын аңғарасың.

«Қазақстан елімен сиқырлы саяхат» ойыны

«Бірлік болса ,тірлік болады» дегендей,еліміздің бұл дағдарыстан үлкен сабақ алып,дами түсетініне кіміл сенеміз.Сабағымыздың соңын Елбасының «Елдің ұлы болсаң, Еліне жаның ашыса,азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.Жердің де, елдің де иесі екніңді ұмытпа»!-деген сөзімен аяқтағым келеді.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше