Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті
Жанқожа батыр атындағы № 70 мектеп Физика пәнінің мұғалімі
Досан Сайрамкүл Жақыпқызы
Сабақтың тақырыбы: Конденсаторлардың электрсыйымдылығы. Конденсаторлардың құрылысы және түрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ақыл-ойын, танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту
Білімділік мақсаты: Өз бетімен жұмыс істеу, ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: Алғырлыққа, зеректікке, шапшаңдыққа баулу
Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру;
ІІ. Оқу әрекеттерінің нәтижесін бақылау, оқушылардың білімін бағалау мақсатында “Электр өрісіне” саяхат жасалады.
Электр – қараңғы түнді, әлемді жарықтандыратын адам ойының сөнбес “жұлдызы”
ІІІ. Мағынаны тану
Конденсатор — диэлектриктердiң жұқа қабатымен бөлiнген модульдары бойынша тең әр аттас зарядталған екi өткiзгiштен тұратын жүйе.
Конденсатордың түрлері
Өткізгіштің электрсыйымдылығы түрліше физикалық факторлардың әрекетінен өзгеруінің қасиеттері:
1) Өткізгіштің электрсыйымдылығы оған екінші зарядталмаған өткізгішті жақындатқанда артады;
2) Екінші өткізгішті жерге жалғау бірінші өткізгіштің электрсыйымдылығын арттырады;
3) Қатты диэлектриктің болуы жүйенің электрсыйымдылығын арттырады;
4) Диэлектриктің қалыңдығын азайтса, өткізгіштер жүйесінің сыйымдылығы артады;
5) Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі артқанда, жүйенің электрсыйымдылығы артады
6) Өткізгіштердің бір-бірімен айқасу ауданын арттырғанда жүйенің электрсыйымдылығы артады.
Конденсаторларды жалғау:
1) Параллель жалғау C=C1+C2+…+Cn
q=q1+q2+…+qn
U=U1=U2=…=Un
2) Тізбектей жалғау 1/С=1/C1+1/C2+…+1/Cn
q=q1=q2=…=qn
U=U1+U2+…+Un
Конденсаторлардың қолданылуы:Радиотехникада кез-келген радиоэлектрондық құрал (байланыс, телевизия, телеграф, т.б.)
IV. Ой қорыту
1. Сұрақтар:
1) Конденсатор дегеніміз не?
2) Конденсаторлардың қандай түрлерін білесіңдер?
3) Конденсатор түрлерінің құрылысы қандай?
4) Жазық конденсатордың сыйымдылығы қалай өзгереді? Егер оның астындағы зарядтарын 2 есе арттырғанда қалай өзгереді?
2. Есептер: 1) Конденсатор ауданы 200 см2-ге тең екі пластинадан тұрады. Ол пластиналардың арасында қалыңдығы 0,1 см болатын слюда бар. Конденсатордың сыйымдылығын тап.
2) Өткізгіштердің әрқайсысында 10 мкКл заряд бар. Олардың арасындағы потенциалдар айырымы 5 В. Жүйенің сыйымдылығы қандай?
3) Сыйымдылықтары С1 = 1 мкФ, С2 = 2 мкФ, С3 = 3 мкФ болатын үш конденсатор бар. Олардан қандай ең минималь сыйымдылық алуға болады?
4) Сыйымдылықтары С1 = 1 мкФ, С2 = 2 мкФ, С3 = 3 мкФ болатын үш конденсатор бар. Олардан қандай ең максималь сыйымдылық алуға болады?
V. Сабақты қорытындылау
- Өзіндік жұмыстарын бағалау
- Үйге тапсырма беру