Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті
Жанқожа батыр атындағы № 70 мектеп Математика пәнінің мұғалімі Жабағиева Күнжан
7 «Б» сынып Алгебра
Сабақтың тақырыбы: Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Көпмүшелерді көбейткіштерге әр түрлі тәсілдермен жіктей білуге үйрету.
2)Тәрбиелік: Алғырлыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа үйрету.
3)Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, өз білімін көрсете алу және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақтада слайдтар, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың түрі: біліктілік пен дағдыны қалыптастыру, бекіту сабағы.
Сабақтың құрылымы: Үш деңгейлік тапсырмалар: І. Оқушылық
ІІ. Алгоритмдік
ІІІ. Эвристикалық
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау: 1) Бірмүше деген не?
2) Көпмүше деген не?
3. Слайдтар бойынша есептер шығару
І деңгей есептері:
- Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңыз.
а) 7ах+7bх б) 5у2-15у
ә) 3bу-6b в) -р2q2-pq
- Теңдеуді шешіңіз.
а) х2+8х=0
ә) 6у2-30у=0
ІІ деңгей есептері:
- Көбейіткіштерге жіктеңіз.
а) а2b+а+аb2+b+2аb+2
ә) х2-ху+х-ху2+у3-у2
- Есептеңдер.
а) 2,7·6,2-9,3·1,2+6,2·9,3-1,2·2,7
б) 1,25·14,9+0,75·1,1+14,5·0,75+1,1·1,25
- Өрнектің мәнін табыңдар.
а) а2+аb-7а-7b мұндағы а=6,6 b=0,4
ә) х2-ху-4х+4у мұндағы х=0,5 у=2,5
ІІІ деңгей есептері: аbс=а·100+b·10+с
№243. 1) аb+bа саны 11-ге бөлінетінін дәлелдеңдер.
№245. 5 негізінің тізбектес екі дәрежесінің қосындысы 30-ға бөлінетінін дәлелдеңдер.
№278. Үшмүшені көбейіткіштерге жіктеңдер.
а) х2-7х+12
ә) х2-3х-4
№280. Теңдеуді шешіңдер.
а) х2-11х+10=0
ә) х2+7х+12=0
Қосымша есептер:
1) Егер а+b=9 болса (а+1)(b+1)-(а-1)(b-1)=18 болатынын дәлелдеңдер.
2) Тізбектес бес натурал санның қосындысы 5-ке еселі болатынын дәлелдеңдер.
3) Тізбектес төрт тақ санның қосындысы 8-ге еселі болатынын дәлелдеңдер.
4) 39+37+36 қосындысы 31-ге бөлінетінін дәлелдеңдер.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: №284,285,287
