Жаңалықтар

Дихандар банкрот болудыңалдында тұр

Айдарбек Қожаназаров: Дихандар банкрот болудың
алдында тұр

Елімізде дихандар үкіметтің жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасынан қол үзген. «Кең дала» бағдарламасы арқылы қаржы ала алмай отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров Түркістанда өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің көшпелі отырысында мәлімдеді.
Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің көшпелі отырысы көкөніс шаруашылығы саласының және суармалы егіншіліктің өзекті мәселелері бойынша өтті. Депутат Айдарбек Қожаназаров жиында жылыжай шаруашылығымен айналысатын шаруалардың, бау-бақша өнімдерін өсіретін дихандарға үкімет тарапынан қолдау көрсетілмейтінін айтты.
«Қазір ең басты проблема – дихандарға көктемгі дала жұмыстарын өткізуге қаражат тауып беру. Осы жиынның алдында шаруалармен сөйлестім. Бау-бақша өсіретін, жылыжаймен айналысатын дихандарымыз бүгінде үкіметтің жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасынан қол үзген, оларға Кең дала бағдарламасымен қаржы алуға мүмкіндік жоқ. Бұл салалар жоғары технологияны және еңбек өнімділігін қажет ететін салалар болғандықтан, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Аграрлық несиелік корпорациясы бар болғаны 262 бюджеттік бағдарламаның қаржылық экономикалық негіздемесіне өзгеріс енгізсе жеткілікті. Сонда мәселе толықтай шешіледі», – деді депутат.
Оның айтуынша, қаржылық қиындықтарға тап болған кәсіпкерлер өндірісті тоқтатып жатыр.
«Қазір жылыжай шаруашылығымен және бау-бақшамен айналысатын дихандардың қаржылық жағдайы өте нашар, банкрот болудың алдында тұр. Үкімет қолдауынан күдер үзген кейбір азаматтар бизнесін сатып жатыр. Қаржы ұйымдарының бюрократиясынан шаршаған дихандар барлық өндірісін тоқтатуда», – деді Айдарбек Қожаназаров.
Мәжіліс депутаты дихандарды жан-жақты қолдамасақ, толықтай импортқа тәуелді ел болатынымызды айтты.
«Тағы бір маңызды тақырып – ішкі нарықты қорғау және импорт мәселелері. Қазір контрабандамен келіп жатқан арзан қызанақ пен қияр, онсыз да шаруалардың басына сын болды. Көрші елдерден арзан өнімдер ретінде тіркелген қызанақтар келіп жатыр. Тиісінше, осы бағадан кедендік салық пен төлемдер төленеді. Ал, контрабандамен келген көкөністер әлбетте, ештеңе төлемейді. Мемлекеттік органдар ішкі нарықты қорғау үшін шаралар қабылдайтын болсақ баға өсіп кетеді деп қорқады. Баға өспейді, тек алып сатарлардың пайдасы азаяды. Ең бастысы, контрабандамен келген өнім қазақстандық өнімге айналып диқандардың құжатымен экспортқа шығып жатыр. Егер басқа елде ол көкөністерден ауру туындаса, еліміздің экспорт саласында проблемаларға тап боламыз», – деп атап өтті Айдарбек Қожаназаров.
Мәжіліс депутаты дихандардың тағы бір мәселесін алға тартты. Шағын шаруашылығы бар диқандар үшін нарықтағы кедергілерді алып тастау керек екенін айтты.
«Көкөніс нарығында пайданың 70%-ын алып сатарлар алып жатыр. Бұл өнімнің соңғы құнының өсуіне тікелей әсер етуде. Мысалы, жылыжайдағы 500 теңгелік қияр базарда 1200-1500 теңгеден сатылып жатыр. Диқандар егістік жерден өнімін делдалдың талабы бойынша сатады. Сортталмаған, жуылмаған тауар арзан тұрады. Өнімді жеткізіп беретін транспорт та жоқ. Бұл мәселені шешу үшін дихандар көп шоғырланған жерде шамамен 50 км арақашықтықта өнімді сорттау, тазалау және қаптау орталықтарын салу қажет. Әр орталық сол ауданның негізгі өнім өсіру бағытына ескеріліп салынуы маңызды», – деді Айдарбек Қожаназаров.


Айдарбек Кожаназаров: Аграрии на грани банкротства

Фермеры Туркестанской области не могут получить кредит по государственной программе «Кен дала». Об этом заявил депутат Мажилиса, председатель партии «Respublica» Айдарбек Ходжаназаров на выездном заседании Мажилиса Парламента РК, прошедшем в городе Туркестан.

Сегодня состоялось выездное заседание Комитета Мажилиса по аграрным вопросам актуальным вопросам отрасли овощеводства и орошаемого земледелия. В ходе встречи депутат Айдарбек Ходжаназаров заявил, что государство не поддерживает фермеров, занимающихся тепличным хозяйством, и фермеров, выращивающих плодоовощную продукцию.

«На сегодняшний день главная проблема – найти финансирование для аграриев на проведение весенне-полевых работ. Перед этой встречей я разговаривал с фермерами. Аграрии, которые занимаются овощеводством и теплицами не могут получить финансирование по программе «Кен дала». Поскольку эти отрасли требуют высоких технологий и производительности труда, Министерству сельского хозяйства и Аграрной кредитной корпорации достаточно внести изменения в финансово-экономическое обоснование 262 бюджетных программ. Тогда проблема будет полностью решена», – сказал депутат.

По его словам, предприниматели, столкнувшиеся с финансовыми трудностями, останавливают производство.
«В настоящее время финансовое положение аграриев ухудшилось, они находятся на грани банкротства. Некоторые предприниматели продают свой бизнес. Устав от бюрократии финансовых организаций, фермеры останавливают все свое производство», – отметил председатель партии «Respublica».

Депутат Мажилиса заявил, что если не будем поддерживать фермеров, то станем страной, полностью зависимой от импорта.
«Еще одна важная проблема – импорт и защита внутреннего рынка. Дешевые помидоры и огурцы, которые сейчас везут контрабандой, уже стали проблемой для фермеров. Помидоры, зарегистрированные как дешевая продукция, поступают из соседних стран. Соответственно, с этой цены уплачиваются таможенные пошлины и сборы. И, конечно, за контрабандные овощи ничего не платят. Государственные органы боятся, что если мы примем меры по защите внутреннего рынка, цены вырастут. Цена не вырастет, только уменьшится прибыль перекупщиков. Самое главное, что контрабандный товар вывозится как казахстанский с документами фермеров. Если в другой стране эти овощи поймают с болезнями, то закроют нам весь экспорт, вот тогда мы столкнемся с проблемами», — сказал Айдарбек Ходжаназаров.

Также он отметил, что рыночные барьеры должны быть сняты для аграриев с небольшим оборотом.

«70% прибыли на овощном рынке забирают перекупщики. Это напрямую влияет на увеличение конечной стоимости продукта. Например, огурцы в теплице по 500 тенге продаются на рынке по 1200-1500 тенге. Фермеры продают свой урожай по требованиям посредника. Несортированные, немытые товары стоят дешево. Нет транспорта для доставки товара. Для решения этой проблемы необходимо построить центры сортировки, очистки и упаковки продукции на расстоянии около 50 км. Важно, чтобы каждый центр строился с учетом направления основного производства данного района», – сказал депутат.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.