Жаңалықтар

ВОСХОЖДЕНИЕ ПО НИСХОДЯЩЕЙ

Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Даму күні» шарасы аясында тарихшы, «Восхождение по нисходящей» кітабының авторы Нұртай Агубаевпен кездесу өтті.

Шара барысында автор ақпарат ағыны қарқынды болып тұрған шақта сананың фрагменттелуіне жол бермеудің, әлеуметтік роботтандырудың құрбаны болмаудың жолдарын, ұнамды философия мен шынайы философияның арасында таңдауды қалай жасау керек екенін түсіндірді. Өмір адамзатқа қандай сабақ беретіні және неліктен саналы диалог кеңістігі қызу пікірталас алаңынан маңыздырақ және қызықтырақ екені туралы айтты. Одан бөлек басқа да идеялық-философиялық мәселелерді көтерді.

«Кітап Қазақстан үшін көркем жанр, публицистика және зерттеу синтезіне негізделген мемуаристиканыңжаңа түрін ұсынады. Онда «тағдыр» ұғымының өзіндік интерпретациясы берілген, ал өмір тарихы адамның өзіндік «Меніне» баса назар аудармай, қоршаған әлемді түсіну призмасы арқылы берілген», – деді Академия Қолданбалы зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері Нұртай Агубаев.

Нұртай Агубаевтың шығармасында көп жыл бұрынғы және жақында болған оқиғаларға байланысты көптеген тың материал жазылған.

Автор бұрынғы КСРО халықтарына тән «катастрофиялық сана» және болып жатқан өзгерістерді түсінбеушіліктен туындаған «конфликттік ойлау» сияқты ұғымдарды түсіндірді. Болашақ мемлекеттік қызметшілерді ерекше қызықтырған тақырып «бюрократиялық ритуализм» және оның салдары болды.

Айта кетейік, «Даму күні» шарасы аясында Академия білім алушылары мен қызметкерлерінің тұлғалық және кәсіби қасиеттерін дамыту мақсатында әртүрлі саладан спикерлер шақырылады. Заманауи технологияларға тәуелді, кейбір дағдыларды және жанды қарым-қатынасқа деген қажеттіліктерін жоғалтып бара жатқан жастар үшін мұндай кездесулер өте маңызды.


Сегодня в Академии государственного управления при Президенте РК в рамках мероприятия «Даму күні» прошла встреча с историком Нуртаем Агубаевым, автором книги «Восхождение по нисходящей».

Как в условиях невероятного информационного давления избежать фрагментации сознания, как не стать жертвой социальной роботизации, каким должен быть выбор между философией приятного и философией очевидного, какие уроки преподносит нам жизнь и почему пространство осознанного диалога важнее и интереснее поля ожесточенных дебатов. Поднимались не только эти, но и другие мировоззренческие и философские вопросы.

«Книга представляет новый для Казахстана вид мемуаристики, основанной на синтезе художественного жанра, публицистики и исследований. В ней представлена оригинальная интерпретация концепта «судьба», а история жизни излагается через призму осмысления окружающего мира без акцента на собственное «Я», – сказал ведущий научный сотрудник Института прикладных исследований Академии Нуртай Агубаев.

Произведение Нуртая Агубаева содержит очень много нового оригинального материала, связанного с событиями давнего и недавнего прошлого.

Интересной была интерпретация таких понятий, как «катастрофическое сознание», присущее народам бывшего СССР, и «конфликтное мышление», порожденное непониманием произошедших перемен. Особый интерес у будущих государственных служащий вызвала тема о «бюрократическом ритуализме» и его последствиях.

Отметим, что в целях развития личностных и профессиональных качеств обучающихся и сотрудников Академии на мероприятие «Даму күні» приглашаются спикеры из разных сфер деятельности. Такие встречи очень важны для молодежи, сильно зависящей от современных технологий, и постепенно утрачивающей навыки и потребности в живом общении.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.