Жаңалықтар

Біз өмірді таңдаймыз: онкүндік аясындағы суицидке қарсы шара

Қоғамның психологиялық дертіне айналған суицид жағдайларының алдын алу үшін дер кезінде тиісті шаралар жүргізу қажет. Ол үшін әр адам өз өміріне ғана емес, жанында жүрген адамның өмірі үшін де жауапты екенін сезіне білуі керек.

Бұл туралы Алматы гарнизоны Әскери прокуратурасы мен Әскери полициясы өкілдері Радиоэлектроника және әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілерімен кездесу барысында айтты.
Мамандардың пікірінше, суицидтен құтқару тек достарының қамқорлығы мен қатысуынан ғана тұрмайды, сонымен бірге төнген қауіптің белгілерін тез арада аңғаруға да байланысты.

  • Жаныңызда жүрген адам туралы біліміңіз, оны тануға деген ұмытылысыңыз оның өмірін құтқарып қалуы мүмкін. Оның мінез-құлқы, жүріс-тұрысындағы өзгерістерден, суицидтік қорқытуларынан қауіптің белгісін байқауға болады, — деп атап өтті әділет майоры Сейітжан Тасболатұлы.
    Адамдардың психологиялық дағдарысқа ұшырап, күйзелістің жетегінде кетуі өз-өзіне қол жұмсауға әкеп соқтырары хақ. Олардың басым бөлігі дені сау адамдар. Өз-өзіне қол жұмсау тығырықтан шығар жол емес, сондықтан ой мен санада жүрген сан-мың күдіктен, жанды сыздатқан күрделі мәселерден арылуға болатынын, уақытша кезіккен қиындыққа бола өз өміріне балта шабуға болмайтынын алға тартады мамандар.
    Аталған шара ҚР Қарулы Күштерінің жоспарына сәйкес «Мен өмірді таңдаймын» атты жеке және отбасы шиеленістерін ескерту және өзіне-өзі қол жұмсау көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша онкүндік аясында ұйымдастырылды.
    Сонымен қатар, Қазақстан заңгерлер Одағының мүшесі, адвокат Нұрлан Сихимбаев әскери оқу ордасының тұрақты және ауыспалы құрамына ағымдағы жылдың 19 наурыз айында өтетін ҚР Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша толыққанды кеңестер берді. Нұрлан Жолдасбекұлы бұл сайлаудың соңғы онжылдықтарда алғаш рет партиялық тізімдер бойынша ғана емес, бір мандатты аумақтық округтер бойынша да өткізілетінін атап өтті.
    Бұл саяси науқанға Қарулы Күштердің әскери қызметшілері, әскери оқу орындарының курсанттары мен мерзімді әскери қызметін өткеруші сарбаздары да қатысып, өз дауыстарын беру құқығына ие.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.