С. Мұқанов “Лашын”
Сабақтың тақырыбы: С. Мұқанов “Лашын”
Са С. Мұқанов “Лашын”бақтың мақсаты:
1) оқушыларға жазушының өмір жолын айту, жазушының еңбек жолы арқылы ұстаздық қызмет атқарғандығына ерекше тоқтала отырып, халқымыздың ұлттық саятшылық өнерімен және аң аулау дәстүрін қалыптасуы туралы мағлұмат беру.
2) ақын-жазушыларымыздың шығармаларын оқыта отырып, тілді құрметтеуге, салт-дәстүрді сыйлауға, туған жер табиғатын аялауға, сүйе білуге, салт – дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелеу.
3) оқушылардың сөздік қорларын байыту, табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, білім деңгейін көтеру және шығармашылық ізденісін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, топтастыру, талдау, түсіндіру.
Көрнекілігі: слайдтар, суреттер, қанатты сөздер, жазушының портреті, кітаптары т. б.
Пәнаралық байланысы: тарих, жануартану, бейнелеу өнері.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топтың өз атауы болады.
С. Мұқановтың “Өмір мектебі” романынан алынған үзінді
“Лашын” шығармасы
Оқушылар жазушы туралы өз білетіндерін ортаға салады;
Оқушыларға қосымша берілген жазушының өмірбаяны оқылып, сұрақтарға жауаптар алынады.
І топ: шығармашылық жолы;
ІІ топ: еңбек жолы;
ІІІ топ: өмірбаяны.
№1 карточка. І топ. Жазушының өмірбаяны.
Сәбит Мұқанов 1900 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниеге келеді. Қазір бұл ауыл Сәбит Мұкановтың есімімен аталады. Жеті жасқа келгенде әкесі, бір жылдан соң шешесі қайтыс болып, жетімдіктің зардабын шегеді. Жастайынан ауыл байларының малын бағып, жалшылықта жүреді. Сегіз жасында ауылдағы молдадан оқып, сауатын ашады. Табиғатынан зерек Сәбит хат танығаннан-ақ әр түрлі кітаптарды оқуға талпынады. Түрлі қисса, дастандарды оқиды. Абайдың, татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың шығармаларымен танысады. Көп дастандарды жатқа айтатьн болады. Бірте-бірте әдебиетке, өлеңге қызығушылығы оянады. Он екі жасынан бастап өлең шығаруға талаптанады. Ойын-тойда айтысқа түсіп, өлең шығарьш, “өлеңші бала” атанады.
№2 карточка. ІІ топ. Еңбек жолы
Омбыдағы мұғалімдік оқуға түседі. 1922 жылы Орынборда жұмысшы факультетінде оқиды. Ленинград университетінде, Қызыл профессура институтында білім алады. “Еңбекші қазақ”(қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде қызмет етеді. Жазушылар одағының төрағасы қызметін атқарады.
Жазушының “Өмір мектебі” атты романы жазушының өмірбаяндық шығармасы, ол шығарманы біз түгелдей жоғарғы кластарда толық оқып танысамыз.
№3 карточка. ІІІ топ. Шығармашылық жолы
Ақын, жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі – Сәбит Мұқанов Солтүстік Қазақстан облысында 1900 жылы дүниеге келген. Ауыл молдасынан ескіше хат таныған. Бала кезінен қисса – дастан, жыр, аңыздарды жатқа айтып өскен.
Кейіннен
Бізге тек сол романнан “Лашын” атты шағын үзіндісі ғана берілген.
Әңгіме оқиғасы жазушының өз өмірінен алынғандықтан 1 жақта баяндалып отыр.
Жазушы әңгімеде Балтабай аулына мұғалім болып келіп, өзінің бос уақытын аңшы, құсбегі Ахметпен бірге өткізгендігін шабытпен құмарта жазады.
Мұғалім: балалар, біз жазушының өмірбаянымен, шығармашылық, еңбек жолымен таныстық. Енді бүгінгі сабағымызда жазушының «Лашын» әңімесін талдаймыз.
– Жалпы сендер лашын құс туралы не білесіңдер?
Оқушылар лашын құс туралы өз білетіндерін ортаға салады. («Лашын» әңгімесі оқушыларға алдын ала оқып келуге беріледі).
Лашын құстың суреті слайдтан көрсетіледі.
Мұғалім: Балалар, шығарманы оқып келдік, енді сендердің шығарма мазмұнын қаншалықты түсінгендеріңді тексеру үшін сұрақтар берілді. Сендер сол сұрақтарға жауап бересіңдер.
1. Бұл шығарма қай ауылға байланысты жазылған?
2. Балтабай ауылындағы Сәбит Мұқановтың ерекше жақсы көретін адамы кім? Ол немен айналысты?
3. Лашын қандай құс?
4. Ахмет лашынын салуға қай мезгілде шығатын еді?
5. Құс салатын адамның құралы не? Ол не үшін қажет?
6. Лашын қандай құстарды алады?
7. Лашынның құс алудағы бір-бірінен ерекшелігі қандай?
8. Лашынға алдырмайтын құс не?
9. Құстың отқа шығатын мезгілі қай кез?
10. Құстың қандай сезім мүшесі ерекше дамыған?
11. Сәбит Мұқановқа құс салу несімен қызық болды?
Мұғалім: Ал, балалар, енді «Лашын» әңгімесін жан-жақты талдаймыз.
Үш топқа тапсырма беріледі.
І топ: Шығарма тіліне талдау жасау (эпитет, теңеу)
ІІ топ: Әңгіме мазмұны бойынша сурет салу
ІІІ топ: Саятшылық-өмірдің бір қызығы (эссе жазу)
Үйге тапсырма.
1. Құстар жөнінде мақал – мәтел, тыйым сөздер жазып келу.
2. Құс салу өнері туралы мәлімет жинастыру.
