Жаңалықтар

ҚазҰУ – құт мекен

Адамзат баласының қол жеткізген игіліктерінің бірі — білім қазынасы.
Қазіргі заман білім мен өндіріс арқылы бәсекелесетін уақыт. Болашақта бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына ену міндеті бәсекеге қабілетті жас маман мойнына жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет болып отыр.

Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі мемлекет тұтқасын ұстаушы білікті маман, ел тағдырын шешуші азамат. Сондықтан да сапалы білім алып, өз ісінің білікті маманы болу жас ұрпаққа қойылған міндет десе болады.

Сондай мықты білім ордаларының бірі деп қара шаңыраққа айналған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін айта аламын. Бұл қара шаңырақта талай мықты тұлғалар өздерін қалыптастырып, білімдерін шыңдай түскен. Соның ішінде әйгілі түлектері Олжас Сүлейменов, Әбіш Кекілбаев, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі, Жүрсін Ерман. Сонымен қатар, Марғұлан Сейсембай, Дәулет Төлеутайұлы, Бейсен Құранбек секілді көптеген өнегелі де жанашыр азаматтар қазақ еліне білімнің жаңа толқынын әкелді.

Университет сапалы білімнен бөлек, тарихы сонау XX ғасырдың 30 жылдарынан басталатын үлкен кітапханаға ие. Бұл кітапхана да университетпен қатарлас 1934 жылы құрылған. Кейін 2012 жылы жаңадан салынған заманауи бес қабатты ғимаратқа көшірілді. Қазіргі кезде кітапхана 2 млн. данаға жуық қорға ие. Ішінде Әл-Фараби музейі, компьютерлік класы, кафесі барлығы ыңғайлы орналасқан.

Ғылыми кітапхана өзінің ақпаратқа бай қорын түгелдей оқырманға қызмет көрсетуде пайдаланады. Осы мақсатта түрлі ақпараттық жұмыстар, көрмелер жүргізіледі. Университеттің ең ұнайтын тұсы, смарт қалашық болып салынғаны, яғни, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы. Ол жерде ЦОН қызметі, банк қызметі, медициналық орталық , қазпочта, «Magnum» сауда орталығы да бар.

Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Осы білім ордасында мен білікті де білімді, ізденімпаз ұстаздарды кездестіре алдым.

Әр студент –жеке тұлға. Әрбір тұлғаның жүрегіне жол таба білу ол нағыз педагогтың ғана қолынан келетіні анық. Сондай ұстаздарды мен осы қара шаңырақ қабырғасында жүріп кездестіре алдым, әрқайсысы біздің білімдірек, біліктірек, төзімдірек болуымызға атсалысқаны үшін алғыстан басқа айтарым жоқ.

Автор: Сисимова Арухан
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология факультетінің 1 курс магистранты.
Ғылыми жетекшілері: Уалиева П.С. , Абдиева Г.Ж.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.