Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқыту жоспары

МАҚСАТЫ
 «Тіл туралы» Заңды жүзеге асыру;
 Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілінің қажеттілігін түсіндіру;
 Өзге ұлт өкілдерінің қазақша сауаттарын ашу;
 Өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде жаза білуге үйрету;
 Мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасауға және қазақ тілінде сөйлеуге машықтандыру;

МІНДЕТТЕРІ:
 «Тіл туралы» Заңмен танысу;
 Мемлекеттік тілдің қажеттілігін түсіну;
 Қазақ тілінде сауаттарын ашу;
 Қазақ тілінің әр бөлімі бойынша тақырыптар өту;
 Сынақ тапсырмаларын орындау;
 Бақылау жұмыстарын орындау.

Түсіндірме жазба
Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйрету бойынша іс-шаралар жоспары тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және «Тіл туралы» Заң негізінде құрастырылды.
Жоспарға қазақ тілінің қажеттілігін түсіндіру, мемлекеттік тілдің маңыздылығын арттыруға байланысты іс-шаралар енгізілді. Сонымен қатар қазақ тілінің фонетикасы, грамматикасы бойынша тақырыптар енгізілді. Тақырыптарды өту барысында жазбаша сауаттылықтарымен қатар ауызша тілдерін дамытуға байланысты диолог, мәтінмен жұмыс түрлері де қарастырылды.
Өтілген тақырыптарды бекіту үшін қайталау сабақтары берілді. Өтілген тақырыптарды меңгеру деңгейлерін тексреу үшін сынақ сағаттары да белгіленді.
Жоспар аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағатқа құрылды.

Жоспар
№ р/с Тақырыбы Сағат саны Мерзімі Пайдаланған әдебиеттер
1 Қазақ тілінің қажеттілігін түсіндіру 1 «Тіл туралы » Заң
2 Қазақ тілінің фонетикасы 1 «Ана тілім-азығым, адастырмас қазығым» Көкшетау, 2002
3 Қазақ әліпбиі, қайталау 1 Қазақ тілін оқыту әдістемесі
4 Қазақтың төл дыбыстары, қайталау 1
5 Дауыссыз дыбыстар емлесі, қайталау 1 «Тіл-ұлттың тірегі», Асатана, 2009
6 Дауысты дыбыстар емлесі, қайталау 1
7 Диалог «Қазақ тілі не үшін керек?» 1
8 Ауызша тіл жаттықтыру жұмысы 1
9 Қайталау 1

10 Қазақ тілінің грамматикасы 1 «Қазақ тілінің негізгі ережелері» Көкшетау, 2002
11 Жалғау түрлері 1 Қазақ тілінің морфологиясы
12 Жіктік жалғауы 1
13 Тәуелдік жалғауы 1
14 Көптік жалғау 1
15 Септік жалғау 1
16 Ауызша тіл жаттықтыру жұмысы 1

17 Қазақ тілінің синтаксисі 1 «Еуразия жүрегінде» Атамұра, 2005
18 Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің синтаксисі 1
19 Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің синтаксисі 1 Қазақ тілі, 2007 ж
20 Жазбаша жұмыс 1 «Ресми іс-қағаздар тілі»
21 Сөйлем мүшелері 1
22 Қазақ тілінде сөйлем мүшелерінің орналасу реті 1
23 Мәтінмен жұмыс 1
24 Қазақ тілінде құттықтау жазу 1 «Ресми іс-қағаздар тілі»
25 Ауызша тіл жаттықтыру жұмысы 1
26 Қайталау 1

27 Мәтінмен жұмыс 1
28 Етістік шақтары 1
29 Келер шақ 1
30 Осы шақ 1
31 Өткен шақ 1
32 Мәтінмен жұмыс 1
33 Қазақ тілінде өтініш жазу 1 «Ресми іс-қағаздар тілі»
34 Қайталау. Ауызша тіл дамыту 1

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше