Жаңалықтар

Бюрократиясыз аппарат

Республикалық «Бюрократиясыз аппарат» жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды

Елордада Республикалық «Бюрократиясыз аппарат» жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды. Конкурс елімізде алғаш рет ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен өтті. Сайысқа Академия магистранттары мен докторанттары, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары қатысты.

Жеңімпаздарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент директоры Салауат Мүксімов және Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл марапаттады. Ректордың айтуынша, конкурс Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы аясында өткізілді.

«Байқау мемлекеттік қызметшілердің көшбасшылық қасиеттерін, ғылыми-зерттеу, сарапшылық дағдыларын дамыту және белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталған. Конкурсқа қатысуға қызығушылық танытқандарыңыз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Қатысушылар тарапынан ұсынылған жобалар сәтті жүзеге асырылып, қоғамға пайдасы тиеді деген сенімдемін», – деді Ерлан Әбіл. 

Екі турдан тұратын сайысқа қатысуға барлығы 70 жоба келіп түсті. Жұмыстар 5 талап бойынша іріктелді:

  • ұсынылған мәселенің өзектілігі;
  • материалды ұсынудың жүйелілігі және толықтығы;
  • мәселені шешу жолдарының көрсетілуі;
  • мазмұнының байқау тақырыбына сәйкестігі;
  • күтілетін нәтижелердің шынайылығы.

ІІ тур нәтижесі бойынша 8 жоба комиссия мүшелерінің іріктеуінен өтіп, қатысушыларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен алғыс хаттар табысталды. Байқау жеңімпазы, Академия магистранты Алтынай Қуандық «Мемлекеттік сатып алуларды жүргізудің механизмдерін бюрократиясыздандыру» жобасын ұсынды. Академияның Шымкент қаласы бойынша филиалы қайта даярлау курстарының тыңдаушысы Ақылбек Бердіқұлов «Бюджет жоспарлауды цифрлық автоматтандырып, сапалы сараптау және тиімді нәтижеге бағыттау» тақырыбында жоба қорғап, ІІ дәрежелі диплом алды. ІІІ орынды иеленген екі қатысушы: Академияның Жетісу облысы бойынша филиалының тыдаушысы Бақытжан Әкімбеков – «ҚР үкіметтік емес ұйымдар қызметінің есептік нысандарын оңтайландыру», Академия докторанты Ғазиза Өтепова  – «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» жобаларын ұсынып, үздіктер қатарынан көрінді.

Сондай-ақ байқаудың 4 қатысушысына алғыс хат табысталды:

  • Айзада Рамазанова, Академияның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Құрылыс саласын оңтайландыру және цифрландыру арқылы бақылау»;
  • Калибекова Гульнара, Академияның Алматы қаласы бойынша филиалы – «Мен және Даму»;
  • Салтанат Наурзбаева, Академияның Павлодар облысы бойынша филиалы – «Кәсіпкердің жеке кабинеті»;
  • Тамерлан Амреев, Академияның  Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «DAMUMED ақпараттық платформасында «Umit» блогын құру».

Определены победители Республиканского конкурса проектов «Аппарат без бюрократии»

Агентством по делам государственной службы РК и Академией государственного управления при Президенте РК впервые был организован Республиканский конкурс проектов «Аппарат без бюрократии». В нем приняли участие магистранты и докторанты Академии, слушатели курсов переподготовки и повышения квалификации.

В церемонии вручения приняли участие директор Департамента Агентства РК по делам государственной службы Салауат Муксимов и ректор Академии государственного управления при Президенте РК Ерлан Абил.

«Конкурс организован с целью отбора и продвижения решений, способствующих практическому устранению бюрократизма и волокиты в деятельности государственных органов и организаций. Всего для участия в конкурсе поступило 70 проекта. Большое спасибо всем за проявленный интерес к участию в конкурсе. Надеюсь, что предложенные участниками проекты будут успешно реализованы и принесут пользу обществу», – отметил ректор Академии.

Проекты оценивались по 5 критериям:

  • соответствие содержания теме конкурса;
  • полнота и последовательность изложения материала;
  • актуальность сформулированной проблемы;
  • наличие механизмов решения;
  • реалистичность ожидаемых результатов.

Финалистами конкурса стали 8 проектов, набравшие по итогам оценивания наибольшие средние баллы из пятидесяти возможных.  Победитель конкурса, магистрант Академии Алтынай Куандык представила проект «Дебюрократизация механизмов проведения государственных закупок». Диплом ІІ степени получил слушатель курсов переподготовки филиала АГУ по
г. Шымкент Акылбек Бердикулов, который защитил проектную работу под названием «Автоматизация бюджетного планирования, качественная экспертиза и нацеленность на эффективный результат». ІІІ место получили 2 участника: Бакытжан Акимбеков, слушатель курсов переподготовки филиала АГУ по Жетысуской области – «Централизованный банк данных лиц с инвалидностью», Утепова Газиза, докторант АГУ – «Оптимизация отчетных форм деятельности НПО в Республике Казахстан».

Также 4 финалиста были награждены благодарственными письмами:

  • Айзада Рамазанова, филиал АГУ по Западно-Казахстанской области – «Контроль за строительством через оптимизацию и цифровизацию»;
  • Калибекова Гульнара, филиал АГУ по
    г. Алматы – «Я и Даму»;
  • Салтанат Наурзбаева, филиал АГУ по Павлодарской области – «Личный кабинет предпринимателя»;
  • Тамерлан Амреев, Филиал АГУ по Восточно-Казахстанской области «Umit».

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.