




Айтыскер ақын, аудармашы – Марат Отаралиев 1938 жылы Гурьев облысының Қызылқоға ауданында Тайсойған құмында дүниеге келген. Туған жердің ала бөтен табиғатының ерте қызықтап өскен жас жігіт орта мектепте оқып жүргенде -ақ өлең жаза бастады, болашақ ақындық жолына кеңінен барлау жасады.
Арғы атасы, Бағытжан – соғыс ардагері, Қызылқоға өңірінде ұстаздық қызмет атқарған кісі. Марат Отаралиев Тайсойған ауылындағы бастауыш мектепте алты жасынан барды. Орта мектепті Махамбет селосындағы мектептен бітірген.
9 қаңтар 2023 жылы Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Республикалық «Бір ел – бір кітап» 2023 акциясы аясында ақын Марат Отаралиевтың шығармашылық әлемін насихаттау мақсатында «Отты өлеңді Отаралиев » атты кітап көрмесінің ашылу салтанаты өткізілді.
23 қараша 2022 жылы № 2 қалалық кітапханада қазақтың сыршыл ақыны М.Отаралиевтің туғанына 85 жыл толуына орай «Өр кеудесі от болып» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
Марат Отаралиевтің кештерінде мектептен оқушылар мен жоғарғы оқу орындарының студенттері ақынның өлеңдерін жарыса оқыды.
Қазіргі уақытта Атырау қаласындағы № 19 Қ.Сәтпаев атындағы атындағы мектепте Марат атамыздың немересі Отаралы Аян білім алуда. Ол 4 гимназия сыныбының озат оқушысы. Ақынның немересі атасына арнап өлең арнады.
Менің атам
Атам менің ақын болған өлең жазған өрнектеп,
Өзі туған Атырауда атында оның бар мектеп.
Мақтан тұтам ата есімін халқы сүйген ардақты,
Жыр жолдары сайрап жатыр өшпейтұғын салмақты.
Өнегесі мәңгі есте қалу үшін сақталып,
Талпынамын келгенімше жұмыстанып бар халім.
«Мынау нағыз атасының баласы екен жол жалғар!»
Деген сөзбен үлкендерден бата аламын ардақты.
Отаралы Аян
Атама арнау
“Атадан қалған із”, -дейді
Бабалар үміт үзбейді.
Ұрпағы болса із жалғар,
Ұстаным болса ізгі, игі.
Атамның ұстап қаламын,
Таныту елге талабым.
Еңбегін, өлең, өнерін
“Аманатым” деп қарадым.
Өнегесін өлең қып,
Өрнектеген атамды,
Халқым танып, ел-жұртым
Берсе алам батамды.
Елімнің бір ұлы деп,
Бауырға бас балаңды.
Тұлымымды сыпырып,
Бәйгеге түстім саралы.
Отаралы ұрпағы
Мараттың мен бір саңлағы.
Отаралы Аян