Қайырымды такси



Бірнеше күн бұрын «Қайырымды такси» туралы баспасөз жиынына барып қатыстым. «Жаңа ашылған такси компаниясы халыққа қандай қайырымдылық жасар екен» – деген ой жетегінде бардым.
Баспасөз жиыны туралы шұғыл ақпарат таратып, жаңалық ретінде ғана жазуға да болар еді. Жаңа такси қызметі туралы жаңалық көпшілікке сол күні бірден таралды, барша әріптестерге зор алғыс білдіремін. Ал, өзім осы жаңа такси қызметін пайдаланып, такси жүргізушісі де, жолаушысы да болып тексеріп көрген соң пікіріммен бөлісуді жөн көрдім.
«Қайырымды такси» қызметінің ерекшелігі, еліміздегі Яндекс такси қызметінің монополистік жағдайына алаңдап, «Такси қызметі арқылы шетел асып кетіп жатқан өзіміздің қаражатымызды өзіміз қолға алайық» – деген игі ниеттен туындаған кәсіпкерлік жоба деп айта аламын. Бұл үшін арнайы такси қызметіне арналған бағдарламаны әзірлеп халық назарына тиімді қызмет ұсынып отыр. Алғашқы кезеңде уақытша қиындықтар болуы заңдылық деп есептесек, болашақтан зор үміт күттіретін жобаның бірі.
Бұл кәсіпкерлік жобаның жағымды жаңалығының бірі такси жүргізушілеріне арналған арнайы жеңілдіктері, қолдауы, жүргізушілердің кәсіподағын құрып, елімізде заңды негізде қызмет көрсететін отандық мекеме ретінде жұмысын жолға қоямыз деген игі ниеттері.
Ал, жолаушылар үшін жағымды жаңалығы түрлі тарифтерді іске қосуы. Яғни, жолаушының ыңғайына қарай жұмыс жасау, жолаушының көңілін табу басты назарда болады деген сеніммен тәуекел етіп жұмысқа бастаулары.
Тәуелсіздік күніне орай Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Орал, Ақтөбе қалаларында такси қызметтері жұмысын бастады. Жұмыс істеу тәсілдері өзге де такси қосымшалармен бірдей. Алты қала бойынша мыңнан астам жүргізуші тіркелген. Таксидің бағасы 400 теңгеден басталады. Әрбір шақырым 140 теңгеден есептеліп отырады. Мәселен, өзге қосымшаларда кептелістің болуына байланысты таксидің баға саясаты тез өзгеріп тұратын болса, бұл жерде баға тұрақты болады.
«Қайырымды такси» жобасын ұйымдастырушы «Қайырымды жан» қайырымдылық қоры жобасының мақсаты – такси қызметінен түскен ақшаның белгілі бөлігін қайырымдылық жұмыстарға бағытты түрде жұмсау арқылы елге қызмет жасау.
«Қайырымды такси» қызметін пайдалану үшін екі қосымшаны телефоныма жүктеп алдым. Негізі, қосымшаны қалауыңыз бойынша Play Market, App Store арқылы жүктеп алып пайдалануға жағдай жасалған. Кез-келген телефон үшін қолдануға ыңғайлы. Екі қосымшаның бірі жолаушы үшін, біреуі жүргізуші үшін.
Ең бірінші, жүргізушіге арналған қосымшаны жүктеп алып, жұмысымды бастадым. Алғашқы уақытта тапсырыстар аздау болып, тіпті ешқандай заказ жоқ сияқты болып көрінгенімен, жүргізушілер үшін ашылған Ватцап тобы әрқашан қолдау білдіріп, жүргізушілермен тұрақты байланыста болып, жұмыс барысы туралы барлық сұрақтарға жауап беріп отырды.
Келесі кезекте, такси жолаушысына арналған қосымшаны жүктеп алып алғашқы тапсырысымды жасадым. Такси жүргізушісі уақытында хабарласып, жолсапарға шығуым туралы хабардар етті. Әрине, осындай жағымды қарым-қатынас жолаушыға арналған көңіл білдірудің әсерлі нышаны деп білемін.
Такси қызметінде ең маңызды мәселе, жолсапар үшін ниеттенген екі тараптың кездесуі, қауіпсіз саяхаты, сыйласымды қарым-қатынасы. Бұл жолаушы мен жүргізуші мәдениетінің көрінісі деп білемін.
Әбу Насыр әл-Фарабидің «Ізгілікті (қайырымды) қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында «Ізгілікті қала» туралы ілім бар.
Әл-Фараби адам қызметінің мақсаты бақыт деп санайды, оған рационалды білімнің көмегімен ғана жетуге болады. Ойшыл қоғамды мемлекетпен сәйкестендірді. Қоғам дегеніміз – сол адам ағзасы.
«Ізгілікті қала сау денеге ұқсайды, оның барлық мүшелері тірі жанның өмірін сақтау үшін бір-біріне көмектеседі». Адам өзінің адам табиғатына сәйкес болған кезде ғана жетілуге ие болады, әлеуметтік байланыстар арқылы, қарым-қатынасқа қатысу арқылы әртүрлі құндылықтарға қосылады.
Әлеуметтік бірлестікте қарым-қатынас, өзара қолдау арқылы адам өмір сүреді, өмір сүреді және моральдық жағынан жақсарады. Әл-Фарабидің пікірінше, мұндай бірігудің қажеттілігі өзінің материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру қажеттілігінен туындайды.
Нәтижеде, такси қызметін жаңаша ұйымдастырып, қайырымды боламыз деген бастамаға көпшілік болып қолдау көрсетуіміз маңызды деп білемін.
Данышпан Абай атамыз “Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос” деп ынтымаққа, бірлікке шақырған нақыл сөзін қаперімізде сақтап, «Қайырымды такси» қызметін пайдалануға баршаны шақырамын.
Редактор: Нағиев Ізгілік

Әдемі бастау, қайырымды такси жасасын.