Жаңалықтар

Зияткерлер волейбол жарыстарында жеңіс тұғырында

Сыр өңіріндегі Зияткерлік мектептер арасында дәстүрлі желілік спартакиада өткізілді. Аймақтық кезеңге Қызылорда, Алматы, Шымкент, Тараз және Түркістан қаласынан 100-ге жуық волейболшы жиналып, жүлделі орындаға таласты.
3 күнге созылған тартыста Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы қыздар волейбол командасы топ жарып II орын иегері атанды.

Ұлдар командасы жеңімпаздар тұғырының үшінші сатына көтеріліп, қола медальге қол жеткізді.

Төрешілердің таңдауы бойынша Зияткерлік мектептің 9 — сынып оқушысы Семён Матвеев «Үздік шабуылшы» номинациясын иеленсе, қыздар командасында 10-сынып оқушысы Адель Жайлаубаева «үздік байланыстырушы» атанды.
— Волейбол мені командалық ойындағы көшбасшылық дағдыларды дамытады және тактикалық әрекеттерді пайдалануды үйретеді. Сол үшін волейболды аса қызығушылықпен ойнаймын. Желілік жарыстар біз үшін жаңа тәжірибе, пайдалы сынақ және жаңа достарды сыйлайтын алаң,- деп ойын соңында бөлісті Адель.

Спартакиаданың жабылу салтанатында Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ қызықты ойын өрнегін көрсеткен ойыншыларға барлық жанкүйерлер атынан алғысын білдірді:

– Спартакиада барлығымыз үшін тәжірибе алаңы болды деп ойлаймын. NIS атты жанұяның 100-ге жуық оқушысы бір-бірімен дос болып, әртүрлі дағдыларды меңгере алды. Бұл үш күнде мектептер арасында ынтымақтастық орнатуға жол салынды. Ақтық кезеңге жолдама алған оқушыларға алдағы додада сәттілік тілеймін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.