Жаңалықтар

Ұлттық ұланда батальон командирлерінің практикалық даярлығы аяқталды

             Алматы облысы, Жетіген кентіндегі 5574 әскери бөлімінің базасында батальон командирлері және арнайы комендатуралардың коменданттарымен үш күндік практикалық даярлық сабақтары өтті. Аталмыш шараға еліміздің барлық өңірінен елуге жуық офицер қатысты.

Бұл шараның басты мақсаты батальон буыны офицерлерінің жауынгерлік даярлық сабақтарын ұйымдастыру мен өткізуде әдістемелік даярлығын жетілдіру, жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеуге бірыңғай көзқарастарды тұжырымдау, бағыныстыларды оқытудың неғұрлым перспективалы нысандары мен әдістерін енгізу болып табылады.

 Жауынгерлік даярлық Бас басқармасының бастығы полковник Нұрлан Мұхамедовтың  басшылығымен өткен дайындық сабақтар дәріс, тренингтер және практикалық тапсырмалар түрінде ұйымдастырылды.

Сабақ барысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығынан келген бір топ  білікті офицерлер өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Жиын барысында офицерлердің кәсіби даярлығын арттыруға, жеке құрамды оқыту және тәрбиелеу процесіне бірыңғай көзқарас қалыптастыруға, оқытудың неғұрлым перспективалы нысандары мен әдістерін енгізуге ерекше назар аударылды.

Офицерлер Жауынгерлік және арнайы дайындық, дағдарыстық ситутация туындаған кездегі әскери бөлімдердің іс-қимылдары, бөлімшелердің қозғалысы, қару мен оқ-дәрілерді есепке алу және сақтау тәртібі бойынша дағдыларды жетілдірді.

Осындай сабақтардың арқасында офицерлер өздерінің функционалдық міндеттерін шебер және сенімді орындау үшін кәсіби дайындықты жетілдіреді. Сонымен қатар батальон командирлері — офицерлеріне арналған жиындарды өткізу — бұл теориялық білімді нығайтудың, оқытудың негізгі пәндері бойынша басшылық құжаттардың талаптарымен танысудың, сондай — ақ қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау үшін пайдалы ақпарат алудың нақты мүмкіндігі.

-Бұл жиын – біз үшін өте маңызды.Шараға қатысушы офицерлер тәжірибелі офицерлердің, арнайы жасақтың жетекшілігімен қару атудың жаңа тәсілдерін меңгеріп, алдағы уақытта өз жеке құрамдарымен ары қарай ұрыстық жаттығуларда қолданысқа енгізетін болады. Сонымен қатар, жаңа батальондық-тактикалық топтың ұрыстық жағдайдағы әрекеті, жауынгерлік қызметті атқару барысындағы саптық тәсілдер мен жаңа жағдайдағы бөлімшелерді басқарудың түрлі тәртібін үйренеді. Сол себепті қызметтік-жауынгерлік істі атқаруда мұндай жиындардың бізге берері мол, — дейді полковник Нұрлан Мұхамедов. 

Батальон командирлері мен арнайы комендатуралардың коменданттары Жалпы әскери жарғыдан, қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасынан, мемлекеттік-құқықтық дайындықтан сынақтар тапсырып тиісті бағаларын алды. Сондай-ақ, қатысушылармен әдістемелік дайындық, әскери топография, қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы, мемлекеттік-құқықтық дайындықтан топтық сабақтар өткізілді.

Сабақтардың арасында батальон командирлері психологиялық және психофизиологиялық диагностика аспабында практикалық-психологиялық тестілеуден өтті.

Үш шақырым қашықтыққа жүгіру сынағы бойынша майор Қанат Едрисов (5451 әскери бөлімі) бірінші орынды иеленді. Екінші орынды капитан Акбарали Ахмадалиев (5546 әскери бөлімі) алды. Капитан Дастан Камалханов (6697 әскери бөлімі) үшінші орынның тұғырынан көрінді.    

Атыс жаттығулары да өткізілді. Табельдік қарудан ату бойынша 6506 әскери бөлімінің батальон командирі майор Ерболат Жомартов жарыстың жеңімпазы атанды. Екінші орынды 6654 әскери бөлімінен келген майор Манарбек Исбулатовқа,  үшінші орынды 5513 әскери бөлімінің батальон командирі подполковник Рүстем Сайдуов алды.

         Практикалық даярлықтың соңғы күні жауынгерлік даярлық Бас басқармасының бастығы полковник Нұрлан Мұхамедов қорытынды шығарып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы атынан үздік офицерлерді грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.