NIS

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы қалай атануға болады?

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022-2023 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  7-сыныптарында білім алу үшін  «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялады.

 Қазіргі таңда еліміздің жиырма бір Зияткерлік мектептерінде  құжаттарды қабылдау науқаны жүріп жатыр. Қабылдау комиссия 2022 жылғы  21 ақпанына дейін  өз жұмысын жалғастырады. 

Комплекстік тесттер 2022 жылғы 14-15 сәуір күндеріне жоспарлануда.

 Санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әрбір Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына келушілер ағымын реттеу үшін онлайн брондау қызметі жүзеге асырылды. Бұл қызмет  құжаттарды тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді.

  Толық ақпаратты Назарбаев Зияткерлік мектептер сайтынан https://www.nis.edu.kz/kz/ біле аласыздар.

Жанар Адамбаева
Алматы каласы ХББ НЗМ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.