Жаңалықтар

Институт жеке құрамы оқу жылының жаздық кезеңіне әзір

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтында оқытудың жазғы кезеңі басталды.

Маусымның алғашқы күні институттың жеке құрамы оқу жылының жаңа кезенінің басталуына байланысты сапқа тұрғызылып, митинг өткізілді. Оқу жылының жаңа кезеңі дәстүр бойынша алғашқы мемлекеттік және құқықтық дайындық сабағынан басталды. Мемлекеттік-құқықтық дайындық жауынгерлік әзірлік бағдарламасына енген пәндердің қатарында айрықша есепте. Әскери қызметшінің сана-сезімін сілкіндіріп, бойына қазақстандық патриотизм тұрғысындағы тәрбие беретін бұл пән әрқашанда маңызды болған.

Сонымен қатар, жазғы оқыту кезеңінің бірінші аптасында институт жеке құрамы жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейлеріне келтіру жөніндегі әскери қызметшілердің білімдері мен дағдылары тексеріледі. Кейіннен жазғы оқу кезеңіндегі жауынгерлік оқумен байланысты іс-шаралар өткізіледі. Олардың мақсаты – институт жеке құрамын жауынгерлік және жедел басқару жүйесін жетілдіру.
Институтының жеке құрамымен «қарапайымнан күрделіге» қағидаты бойынша тактикалық-саптық сабақтары өткізілуде. Ең алдымен, батальондар мен кафедралар деңгейінде, әрі қарай институт деңгейінде, содан кейін әскер түрлері деңгейінде және Қарулы Күштер ауқымында өтуде. Бұл сабақтардың мақсаты — институттың жауынгерлік және жедел басқару жүйелерін жақсарту, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институттының хабарлама жеткізу жүйесін тексеру.
Бүгінгі таңда институт бойынша кезекшінің пультіне «шұғыл жиналу» бұйрығы келіп түсті, институт жеке құрамымен хабарландыру жүйесіне сай тиесілі әрекеттер жасалды.
Әр буындағы командир қарамағындағы жеке құрамның жұдырықтай жұмыла білуін қамтамасыз етуге тырысты. Басты назарда жеке құрамның сапқа уақытылы тұруы, белгіленген әрі тиесілі қару-жарақ, дүние-мүлік, арнайы жабдық тәрізді қажеттіліктермен қамтамасыз етілуі, іс-қимылды айқындайтын құжаттар, жоспар кестелерінің бақылануы мен пысықталуы болды. Бұл бейбітшілік кезінде әскери қызметшілерге жүктелетін аса маңызды жауынгерлік міндет, — деді әскери оқу орынның басшысы генерал-майор Дулат Адырбеков.
Жалпы алғанда оқыту және тәжирибе жинақтау кезінде сайдың тасындай іріктелген офицерлеріміз, сержанттарымыз, курсанттарымыз соғыс жағдайына, лаңкестік оқиғалардың алдын алуға бейімделді, сондай-ақ өздерінің кәсіби деңгейлерін шындай түсті. Жауынгерлік бірлік тізгінін ұстаған командирдің, қару асынған курсанттың, азулы техниканы меңгерген сержанттың, бір сөзбен айтқанда, институттың сабындағы әр маманның кәсіби деңгейін шыңдалды.
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтында жауынгерлік даярлық қашанда алдыңғы жоспарда, бастапқы міндеттердің бірі болып табылады.

Аида Бектурова
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы ҚӘӘИ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.