NIS

Алматылық оқушы Халықаралық Менделеев олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11- сынып оқушысы Азамат Жақсылықов химиядан 55-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының қола медалін жеңіп алды.

Жеңімпаздар есімі 26 сәуірде белгілі болды. Халықаралық олимпиадаға әлемнің 28 елінен келген 140-тан астам оқушы қатысты.

Биыл қазақстандық команданың намысын он оқушы қорғады, оның төртеуі — Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары. Ұлттық команда құрамы: Қаирбек Хайдар, Кибриянур Абдугафарова, Әйгерім Тұрысбекова, Азамат Жақсылықов, Мадияр Қасымалы, Әмір Әлмуханов, Санжар Бисенәли, Ерназар Қуан, Бақдаулет Сейсенқұл және Асанәлі Сәлем. Отандық оқушылар 2 күміс, 8 қола медальды қанжығалап, Қазақстанның туын биікте желбіретті.

Айта кету керек, Менделеев олимпиадасы мектеп оқушылары арасында химия пәнінен әлемдік деңгейдегі ең маңызды екі жарыстың бірі саналады. Биыл ол қашықтан ұйымдастырылып, екі теориялық турдан тұрды. Сарапшылар атап өткендей, Олимпиада тапсырмалары жарты жыл дайындалған. Өйткені, Менделеев олимпиадасының тапсырмалары күрделілік деңгейі бойынша кейде Дүниежүзілік олимпиаданың тапсырмаларынан асып түседі.


Алматинский школьник стал бронзовым призером Международной Менделеевской олимпиады

Ученик 11 класса Назарбаев Интеллектуальной школы физико-математического направления г. Алматы Азамат Жаксылыков завоевал бронзовую медаль 55-й Международной Менделеевской олимпиады по химии.

Имена победителей стали известны 26 апреля. В международной олимпиаде приняли участие более 140 школьников из 28 стран мира.

В этом году честь казахстанской команды защищали десять школьников, четверо из них — ученики Назарбаев Интеллектуальной школы. Состав национальной команды: Каирбек Хайдар, Кибриянур Абдугафарова, Айгерим Турысбекова, Азамат Жаксылыков, Мадияр Касымды, Амир Альмуханов, Санжар Бисенали, Ерназар Куан, Бакдаулет Сейсенкул и Асанали Салем. Отечественные школьники завоевали 2 серебряные, 8 бронзовых медалей.

Стоит отметить, что Менделеевская олимпиада является одним из двух самых значимых соревнований мирового уровня по химии среди школьников. В этом году он был организован дистанционно и состоял из двух теоретических туров. Как отмечают эксперты, олимпиадные задания готовились полгода. Ведь задания Менделеевской олимпиады по уровню сложности порой превосходят задания Всемирной олимпиады.

Перизат Оралбайқызы
Алматы ФМБ «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» баспасөз хатшысы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.