Жаңалықтар

Ертегі жазудың ерекшеліктері

Алматы қаласы Наурызбай ауданы № 174 мектеп-гимназиясында «Ертегі жазудың ерекшеліктері» тақырыбында онлайн кездесу сабақ болып өтті. Сабаққа ұстаздар, оқушылар, қонақтар қатысты. Республикалық «Білім жолы Нұрлы жол» басылым редакциясы атынан Редактор Ізгілік Нағиев те қатысып, қатысушыларға пікірін білдірді.

Редактор пікірі: Салеметсіздер ме құрметті қатысушылар.

Жұмыс орнымдағы компутерде аудио, видео мүмкіншіліктері шектеулі болғандықтан, ойымды жазып білдірейін.

Ертегі адам өмірінде маңызы орасан. Ертегі үлкен адамды да, жас баланы да арманға жетелейді. Ертегі арқылы адам қиялмен самғап, өміріне бағыт алады. Армансыз адам қанатсыз құс деген халық нақылына сүйенсек, ертегінің маңызы мен мәнін өзгеше түсіне аламыз.

Ал, ертегі жазу үшін білім және талап ең бірінші орында деп білемін. Және ертегі жазушы адамның өзінің де қиялы ұшқыр, ойы айқын болуы маңызды.

Өзі қиялдай алмаған және арман, қиялының өмірде орындалу жолын түсіне алмаған адам ертегі жаза алмас еді. Оқушыларымызға сәттілік және бағыт бағдар беруші ұстаздарына кәсібилік тілеймін.

Біз де, республикалық басылым атынан мүмкіндігімізше қолдау көрсетіп, оқушы шығармашылығын баспаға жариялап отырамыз. Қазіргі уақытта оқушы шығармашылығы үшін газет нөмірлері тұрақты жариялануда. Баршаға сәттілік!

Құрметпен: Ізгілік Нағиев

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.