Жаңалықтар

Әскери қызметшілерге арналған психологиялық тренинг өтті

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының психология қызметі әскери қызметшілерге арналған «Көңілі көтерікі адамның қызметі жемісті» атты тренинг-ойын ұйымдастырды.

Аталған тренингтің мақсаты – адамның өзіне деген сенімділігін арттыру, ұжымдағы ауызбіршілікті нығайту. Сондай-ақ, аталған тренинг қатысушылардың коммуникативтік дағдыларын, эмпатикалық шеберліктерін, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпалы зор.

Тренинг ұйымдастырушысы психолог аға лейтенант Айғаным Қосуақованың айтуынша мұндай психологиялық тренингтер адамдардың сергуіне, өзара жақын қарым-қатынас жасауына, мінез-құлқын реттеп, пікірлерге сәйкес шешім қабылдауда қабілетті болуға үлкен септігін тигізеді.

  • Тренинг барысында түрлі тапсырмалар беріліп, индивидтің ішкі жан дүниесінің өсуіне, өзіне деген сенімділігін арттыруға ықпал етуге бағытталған жаттығулар ұйымдастырылды. Бұл жаттығулардың арқасында адам жағымсыз мінез-құлқын жақсы жаққа өзгертуге болатынына көз жеткізеді. Мәселен, «Мен кіммін?», «Мен жұмыста», «Мен үйде» жаттығулары адамның күнделікті тіршілікте өзінің әрбір іс-қимылына жіті назар аударып, көңіл бөле отырып, кемшін тұстарын түзетуге мүмкіндік береді, — деді психолог-маман.

Сергіту жаттығуларынан бөлек әскери қызметшілердің жауынгерлік рухын көтеру үшін арнайы логикалық ойындар ойнатылды. Олардың кәсіби шеберліктерін шыңдап, өзара қарым-қатынасын және өзіне деген сенімсіздігін анықтап қана қоймай, оларды жеңу жолдары бойынша да жаттығулар көрсетілді.

Әскери қызметшілер өзара коммуникативті қарым-қатынас жасау арқылы табысқа жетуге ықпал ететін, жеке қасиеттерді дамытуға бағытталған түрлі жаттығулар мен тапсырмаларды ерекше ықыласпен орындап шықты.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

Әскери қызметшілерге арналған психологиялық тренинг өтті: 2 комментария

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.