«Томирис патшайым» (Тарихи-драмалық қойылым)

Қызылорда  облысы, Қазалы ауданы,
Қожабақы ауылындағы  № 25 мектеп
тарих пәнінің мұғалімі
Қаржаубаева Айгул Шамшадинқызы

«Томирис патшайым». (Тарихи-драмалық қойылым)

Біздің бұл сахналық көрінісіміз қазақ даласында өмір сүрген сақ тайпасы-массегеттер туралы мәлімет береді. Массагеттер тайпасы б.з.б. /ІІ-/ ғ. өмір сүрген. Сақ тайпалары сырт елдерге жауынгерлігімен, ержүректілігімен, Отан сүйгіш қасиетімен танымал болды. Б.з.б.. 529 ж сақ тайпаларының басына үлкен қауіп төнді. Парсы елінің патшасы КИР массагеттер тайпасына шабуыл жасады. Бүкіл массагет тайпасының халқы туған жерін қорғау үшін қолдарына қару алып, атқа мінді. Туған жерін қорғаудан массагеттер патшасы –ТОМИРИС те қалыспады. Тайпаның барлық жауынгер ұл-қыздарын жинап, КИР патшаға қарсы жұмылдырды. Соғыс нәтижесінде массагеттер туған жерлерін  қорғап қалды. КИР патша жеңіліп, сақтар қолынан қаза тапты.

Бұл соғыс туралы жазып қалдырған грек тарихшысы  ГЕРОДОТ.

Қазіргі сіздердің тамашалайтындарыңыз ТОМИРИС пен КИР арасындағы шайқас, оқиғалардан үзінді.

1-көрініс:

Сақ ордасы. Төрде, тақта Тұмар ханым, қасында Зарлық қария отыр.

ТҰМАР: Бір ел болып біріккенін, ойлап жүрмін сақтардың,

Көрмейсің бе бақталастың кедергі боп жатқанын.

Бас-басына би болмақшы, әр тайпаның көсемі,

Осылай ма  бабалардың өсиеті кешегі.

 

ЗАРЛЫҚ ҚАРИЯ: Елің үшін отқа түсіп, күйіп жүрсің патшайым,

Барлық ойың ел бірлігін, қалай деумен сақтайын.

Әр рудың көсемдері бөлшектеген сақтарды,

Білмеп пе едің, о патшайым, сұмдық терең жатқанын.

(Жүгіріп сақшы шығады)

САҚШЫ: Патшайым, Рүстем келді. Кіруге рұқсат сұрайды.

ТҰМАР: Бес жыл бұрын алыс елге барлаушы қып жібергем,

Қандай хабар әкелді екен, алыстағы қай елден.

РҮСТЕМ: Армысың, Падишам!

ТҰМАР: Төрлет, батырым,

Аман-есен оралдың ба еліңе,

Қай жерлерде болып келдің, көше берші жөніңе.

 

РҮСТЕМ: Мен бармаған елдер аз, араладым көп елді.

Баяндайын сол елдерден, көрген менен білгенді.

Гректердің қалаларын, Египеттің сарайларын,

Вавилонның қалаларын, бірақ, бірақ Тұмар ханым

Осы елдердің бір патшаны қиратуға жарамады.

ТҰМАР: Не болды, Түсінбедім, Рүстем?

РҮСТЕМ: Парсы елінде басшылыққа патша болды КИР деген,

Жеңісіне әскері сай, же қайысқан қолменен.

Жанындағы барлық елді бағындырды, жаулады,

Табанына тапталмаған бір де бір ел қалмады.

Енді сол КИР біздің елге жаулағалы келмекші,

Біздерменен қару жүзін соғыстырып көрмекші.

ТҰМАР: Жаудан қашып сақ елі ешқашанда көрмеген,

Келсін мейлі қаншама, жер қайысқан қолменен.

Жинаңыздар ертеңге, бар тайпаның көсемін,

Соғыс жайын жиында, мен кеңесіп шешйін!

ЗАРЛЫҚ: Жауға қарсы бар тайпа бірікпесе болмайды.

Ел бірлігін мұндайда , ойламаған, оңбайды.

Жаушыларды аттандыр, он екі тайпа еліне,

Жиналсын деп жарлық бер, қауіп төнді жеріңе!

 

ТҰМАР: Сақшы! (сақшы кіреді)

Жаушыларды жібер тайпа басшыларына!

Жиналсын, ертеңнен қалмай.

САҚШЫ: Құп, әміршім.

(күй «Жекпе-жек»)

 

ІІ – көрініс

Парсы Ордасы. (Шығыс әуені)

Төрде парсы патшасы КИР, жанында елшісі МАРДАН

 

КИР: Көп жыл болды қасымда , сен ақылшы болғалы.

Міне тағы отырмын, саған қолқа салғалы

Жасамақпын жорықты, мен сақтарды жеріне

Сен жайында ойладым, шығады деп сенімнен,

Елші болып барасың сол сақтардың жеріне.

 

МАРДАН: Елші болдым көп елге жібергенсің бұрын да

Тағы да бір сапарым, сәтті болса екен деп,

Тұмар ханым еліне, елшілікке барайын

Бостан-босқа жүрместен, әскерлерін санайын.

Патша сенің атыңнан, сәлеміңді айтайын

Қанша күші бар екен деп, соны біліп қайтайын.

 

КИР: Құр сәлемді жеткізбей, дұшпан күшін санап кел.

Және бізге жақтасар, адам болса қарап кел.

Алтын-күміс ақшаны, өзіңмен көп артып ал,

Қарсылстың ішінен, бір сатқынды сатып ал.

 

МАРДАН: Қорықпа, әміршім.

Алтын менен күмістің, жүмейтұғын жері жоқ

Ақша сүйген  адамның Отаны жоқ, елі жоқ.

КИР: Жөнел, Мардан. Жолың болсын!

МАРДАН: Әміріңізге құлдық. (Артымен шегініп шығып кетеді)

(Парсы әуені ойналады)

 

ІІІ-көрінісі

САҚ ордасы. Төрде Тұмар ханым, Зрлық, Сыпатай, Сапар, Мардан

ТҰМАР: Ал, сөйлей бер елші, не айтпақсың?

МАРДАН: Парсы елінің патшасы, КИР жіберді елші қып,

Айтатұғын сөзімде, ешқандай жоқ кемшілік.

Сен басқарған еліңді бағынсын деп бұйырды,

Осы сөзге келіссең, берер саған сыйлықты.

СЫПАТАЙ:  Не дейді?

Мына тексіз, арсыздың, қарап көрші дәмесіін.

Жұрт алдында бауыздап, көрсетейін көресін.

Байқап қара әуелі, оңбаған сен шамңды.

ТҰМАР: Тоқта, Сыпатай.

Бұл парсының шамасы үлкен екен, зор екен,

Қарап тұрмын көмейі, шамадан тыс кең екен.

Мен елімді құлдыққа ешқашанда бермеймін.

Патшаң айтсын біздерге, соғысатын орынын.

Біз шамасын көрейік, әскерінің қолының.

МАРДАН: Көнбесеңіз ТОМИРИС соғысты біз бастайық

Яксарт-Сырдың жағасы, тұрар жерің қсқйып.

Үш күннен соң, біздің қол сол өзеннен өтеді.

Сақ елінің түбіне, КИР осылай жетеді.

(Ха-ха-ха, қатты күліп МАРДАН шығып кетеді)

СЫПАТАЙ: Көрсетермін мен саған, қорытқнды сақтарды.

Семеріммен бір түйреп, қрыныңды ақтарам.

(Марданның соңынан қылышын алып, тұра ұмтылады)

ТҰМАР: Отыр, Сыпатай. Елшіге тиісуге болмайды.

Үш күннен соң майданға, әскер жинап шығамыз

Үлкен –үлкен үш топқа біз бөлініп тұрамыз.

Мен –ортаңғы қанатты, Рүстем-сол қанатты, сәния-оң қанатты басқарады. Сапар мен Сыпатай жеңіл әскермен барлау тобында болады.

ЗАРИНА: Ал мен ше?

ТҰМАР: Сенімен қазір оңаша сөйлесемін. Басқаларың соғысқа дайындалыңдар.

(Бәрі шығып кетеді, Тұмар мен Зарина қалады)

ТҰМАР: Мен саған ең қиын жұмыс беремін.

Қару беріп қыздардан, жаңа әскер құрасың.

Нағыз соғыс қызғанда, қан майданға шығасың

Ал әзірге бұл жайды, бір бір  бі жан білмесін.

Сарбаздрың далаға сырын  шашып жүрмесін.

ЗАРИНА:Ұқтым, падишам.

 

І/ – көрініс

Сапар мен Мардан оңаша сөйлесіп отырады

САПАР: Иә, елші, менімен неге кездеспек болдың?

МАРДАН: Сен сияқты батырдың, атын мен де естігем.

Бірақ жалғыз әйелге .Бағынған несі деп аң қалғам.

Сен сияқты батырлар патша болу керек қой.

Орнын беріп әйелге жүргені неі жайдан – жай.

САПАР: Иә, хан тағына отыру,арманым боп жүр еді.

Бірақ Тұмар жолымда , кедергі боп тұр еді.

Ақшам аздау болып тұр, хан болуға лайықпын,

Сондықтан да хан болу, Тұмарға кеп қонып тұр.

МАРДАН: Ақша , алтын жағынан қиналмауға болады.

Жеңсек егер Тұмарды , Сапар патшаболады.

Көмегіңді аямай , көрсетші сен біздерге ,

Патша қылам мен сені , уәде берем сөз менде.

 

САПАР: Жақсы , келістім.

Тұмардың ұлы – Сыпатай, іздеріңнен жүрмекші.

Парсылрдың әскерін бір бақылап келаекші.

Түн ұйқыға жатқанда , байлап оны алайын.

КИР патшаға апарып , үлкен сыйлық алайын.

МАРДАН : уәде ғой ? Келістік.

 

V көрініс

КИР ордасы.

Кир, Мардан, сапар отырады

МАРДАН: О, әміршім , алдыңа жалғыз ұлын Тұмардың

Алып келіп тұрғаны, мен жалдаған сатқынның.

Шырт ұйқыда жатқанда , байлап оны алыпты.

Қол – аяғын тұсаулап , қинауға оны салыпты.

КИР: Әкеліңдер , көрейік.

(байлаулы Сыпатайды алып кіреді )

КИР : Сақтың батыр ханзадасы, келбетіңе қарайын.

Батыр болсаң ержүрек , әскеріме алайын.

Маған келіп қосылсаң , қолбасшы қып қоямын.

Сеніменен бірлесіп басқа жауды жоямын.

СЫПАТАЙ : Мен сатпаймын елімді , кессең басым мінекей.

Саған қызмет еткенше , өлім жолын таңдадым.

КИР: Олай болса , айтқаны болсын , басын кесіп Томирис шешесіне жіберіңдер.

( нөкерлер Сыпатайды сүйрелеп алып кетеді )

( қаралы , аянышты күй ойналады )

комментария 2

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше