Жаңалықтар

Офицер-мамандар курстық даярлықтан өтті

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында ҚР ҚК Әуел қорғанысы күштеріндегі автоматтандырылған басқару жүйелерінің офицер-мамандары курстық даярлықтан өтті.

Мұндай даярлық курсы қызметтік қажеттілікке орай өткізіліп отырады. Биылғы жылдың ерекшелігі – автоматты басқару жүйлеріндегі жаңа техникалармен жұмыс істеуге машықтандыру.

Тыңдаушылар 2 апта ішінде әскерлерді және қару-жарақты басқару үрдісінде техникалық құралдар мен электрондық есептеу техникасын енгізу, автоматты басқару саласы бойынша теориялық білімдерін арттырып, АБЖ аппараттық-бағдарламалық кешендерінде практикалық жұмыстар жүргізу бойынша білімдерін шыңдады.

Курстық даярлық барысында тыңдаушылар практикалық қызметте туындайтын сұрақтарды белсенді қойып, оларға лекторлар толық жауап берді. Бұл оқыту іс жүзінде әскерлердегі автоматты басқару қызметін жетілдіруде жоғары нәтижелерге дұрыс және тиімді қол жеткізуге мүмкіндік береді.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.