Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Бурақожаева Диана, Жидебай Айша, Жақып Ұлпан, Кубанова Римма ойшыл-ғалым Әбу — Насыр-Әл-Фарабидің 1150 жылдығына және қазақ халқының ұлы ақыны-Абай Құнанбаевтың 175- жылдығына арналған «The Planet of ART-2020» халықаралық байқауының ақтық кезеңіне өтті.
Оның ішінде 9 сынып оқушысы Диана Буракожаева art-сайыстың жеңімпазы атанды. Ақтық кезеңге өткен жас суретшілердің жұмыстары Халықаралық байқаудың «Ұлы дала ойшылдары» атты тақырыптық альбомына енгізіледі, оның тұсаукесері Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде өтетін арнайы ресми іс-шаралар кезінде болады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, Қазақстанның облыс орталықтарында ұйымдастырылатын үздік жұмыстардың көшпелі экспозициясында өңірлердің тұрғындары зияткерлердің туындыларын тамашалай алады.