Жаңалықтар

Өмірдегі жетістіктерім үшін ұстаздарыма ризамын

Баланы тәрбиелеу — бұл педагогтер мен ата-аналардың ортақ еңбегі, олар бір бағытта жұмыс істеуі тиіс деп есептейді қаржы талдаушысы, «Astana International Exchange» биржасының басқарма мүшесі Ренат Бектұров.

View this post on Instagram

🖌Баланы тәрбиелеу — бұл педагогтер мен ата-аналардың ортақ еңбегі, олар бір бағытта жұмыс істеуі тиіс деп есептейді қаржы талдаушысы, "Astana International Exchange" биржасының басқарма мүшесі Ренат Бектұров. 🖌Өткен жылдың соңында ол Президенттік жастар кадр резервінде бірінші орын алды. Ал мектепте оқыған жылдары жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың және математика бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегері болды. 🖌"Өмірдегі жетістіктерім үшін ұстаздарыма ризамын", – дейді Ренат Бектұров. Ренаттың сыныптастары да үлкен жетістіктерге жетіп, ұстаздарын ризашылықпен еске алатындарын айта кеткен жөн. Мұғалімдер күні қарсаңында назарларыңызға Банк ісі және қаржы саласының магистрі Р. Бектұровтың сұхбатынан үзінді ұсынамыз: 💬"Мен ұстаздарыма өте ризамын. Маған ғана емес, бүкіл сыныпқа әсер еткен мұғалім – біздің сынып жетекшіміз Бертісова Тоқан Төлеуқызы. Бетке ұстар педагог математика пәнінің мұғалімі болған. Бізге берген тәрбиесі үшін бұл адамның өмірімізде алатын орны. Сыныптастарымызбен бір отбасы сияқты болдық, 20 жыл өтсе де әлі күнге дейін араласамыз. Біз достығымызды сақтап қалдық, сол үшін ұстазымызға ризамыз. Ол кісі ата-аналарымызбен тығыз байланыста болды. Әрдайым ескертулер жасап, бағалап отыратын. Баланы тәрбиелеу — бұл педагогтер мен ата-аналардың ортақ еңбегі, олар бір бағытта жұмыс істеуі керек". @edu_news_qz

A post shared by EDU NEWS (@edu_news_qz) on

Өткен жылдың соңында ол Президенттік жастар кадр резервінде бірінші орын алды. Ал мектепте оқыған жылдары жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың және математика бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегері болды.

«Өмірдегі жетістіктерім үшін ұстаздарыма ризамын», – дейді Ренат Бектұров. Ренаттың сыныптастары да үлкен жетістіктерге жетіп, ұстаздарын ризашылықпен еске алатындарын айта кеткен жөн. Мұғалімдер күні қарсаңында назарларыңызға Банк ісі және қаржы саласының магистрі Р. Бектұровтың сұхбатынан үзінді ұсынамыз:

«Мен ұстаздарыма өте ризамын. Маған ғана емес, бүкіл сыныпқа әсер еткен мұғалім – біздің сынып жетекшіміз Бертісова Тоқан Төлеуқызы. Бетке ұстар педагог математика пәнінің мұғалімі болған. Бізге берген тәрбиесі үшін бұл адамның өмірімізде алатын орны. Сыныптастарымызбен бір отбасы сияқты болдық, 20 жыл өтсе де әлі күнге дейін араласамыз. Біз достығымызды сақтап қалдық, сол үшін ұстазымызға ризамыз. Ол кісі ата-аналарымызбен тығыз байланыста болды. Әрдайым ескертулер жасап, бағалап отыратын. Баланы тәрбиелеу — бұл педагогтер мен ата-аналардың ортақ еңбегі, олар бір бағытта жұмыс істеуі керек».

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.