Жаңалықтар

Алматыдағы әскери институт он төртінші түлектерін шығарды

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты «лейтенант» алғашқы офицерлік шенін ұсына отырып, 14-ші түлектерін ұшырды.

Биыл 8 мамандық бойынша 141 курсант әскери оқу орнын тәмамдап, олардың 9-ы үздік дипломмен марапатталды.

«Бүгін сіздер офицер погонын тағып, жоғарғы әскери оқу орнын бітіргені туралы дипломға ие болдыңыздар. Нағыз ер-азаматтарға тән мамандықты таңдаған соң намыс туын биікте ұстап, «Қазақстан әскерінің офицері» деген жоғары атқа лайық боласыздар деген сенімдемін, — деді әскери институт бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков.

Жас лейтенантар оқу барысында жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, ата-аналарының үміттерін ақтауға тырысып баққандарын жеткізді.

«Әскери институт қабырғасында болған 5 жылда білім мен достықтың қадіріне жеттім. Біздің иығымызға погонмен қоса еліміз үшін жауапкершілік пен үлкен міндет жүктелді. Халқымыз бен оның Президенті – Жоғарғы Бас Қолбасшысының сенімін ақтаймыз, ақтық деміміз қалғанша адал қызмет етеміз, — деді оқу үздігі Ерназар Темірғалиев.

Әскери оқу орнында тек қазақстандықтар ғана емес Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының бағдарламасы бойынша Қырғызстан мемлекетінің өкілдері де білім алуда. Бүгінгі күнге дейін 9 қырғызстандық курсант оқып бітірсе, тағы 11 курсант институт қабырғасында білімдерін шыңдауда.

ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Орта Азия аймағы бойынша радиотехникалыө мамандықтар бойынша мамандар дайындайтын жалғыз әскери оқу орны.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.