Жаңалықтар

Диплом тапсыру рәсімі онлайн түрде өткізілді

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы биыл коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында өз түлектеріне диплом тапсыру рәсімін онлайн түрде өткізді. Интернет байланысы арқылы кезең-кезеңмен өткен салтанатты шараға академияны тәмамдаған 1000-ға жуық студент қатысты. Жоғарғы оқу орын басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамның құттықтауынан кейін түлектердің тізімі оқылып, экраннан сканерленген дипломдардың электронды нұсқасы көрсетілді.

Биыл сәулет факультеті 255, дизайн факультеті 93, жалпы құрылыс факультеті 386, құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент факультеті 148 маман оқытып шығарды. Сонымен бірге магистратура бойынша 35, докторантура бойынша 4 студент білім алды. 122 түлек жоғарғы оқу орнын үздік бағамен аяқтап қызыл дипломдарға ие болды.

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы наурыз айынан бері оқуды онлайн форматқа көшірді. Барлық студенттер сессияларын қашықтықтан тапсырып, дипломдарын онлайн түрде қорғады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.