Жаңалықтар

Курсанттар «Ел қорғаны» медалімен марапатталды

ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының екі курсанты Алматы қаласы көшелерін төтенше жағдай кезінде қорғауда көрсеткен кәсіби шеберліктері үшін ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен марапатталды.

«Төтенше жағдай кезінде полиция қызметкерлерімен бірге жаяу патрульдеуге тартылған болатынбыз, сол кезде белгісіз адамды жарылғыш затымен ұстадық. Мұны ерен ерлік деп есептемейміз, себебі бұл әр азаматтың парызы. Біз әрқашан өз Отанымызды қорғауға әзірміз», — деді курсанттар бірауыздан.

Оқиға осы жылдың сәуір айында орын алған болатын. Курсанттар Ерсұлтан Болат пен Азат Смайыл қала көшелерін патрульдеу кезінде оларға бір жігіт келіп белгісіз екі адамның бірінің қолында гранатаға ұқсас жарылғыш зат барын айтқан. Курсанттар олардың жеке бастарын анықтамақ болған, алайда олар сөзге құлақ аспай қашуға ыңғайланған. Нәтижесінде, бұзақылар ұсталып, полицияға тапсырылды, граната тәркіленді. Олардың бірі бұрын ұрлық пен қарақшылық үшін сотталған болып шықты.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.