USTAZ UNIVERSITY

ҰСТАЗ ҚАДІРІ ҚАШАНДА БИІК

Айсұлу ТҰРАРОВА
ТарМПУ, Педагогика жоғары мектебінің деканы,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Адамзат баласының саналы ғұмырында ешкім тартып ала алмайтын меншігі, баға жетпес байлығы – ол оның тірнектеп жинаған білімі. Нағыз білімділіктің басты өлшемі біздің ұстаздарымыздың өз кәсібіне деген адалдығы мен әділдігінде, елі мен халқының алдындағы парызын терең түсінуінде.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің өркендеу жолында тоқтап қалмай, жаңашыл бағытта бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу мақсатында кез-келген қиындыққа төтеп бере алатын алдағы Қазақстанның даму жолын 5 институционалдық реформа және мақсатты 100 қадаммен байланыстырады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында мeмлeкeттік қызмeттің бaрлық caлacын қaмти отырып, қазіргі таңдағы атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасап, әр сала бойынша өзекті мәселелерді шешу үшін нақты атқарылатын міндеттерді саралап берді. Педагог мәртебесін көтеру, жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптардың күшейтілетіндігі, жоғары оқу орнын бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы мен әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнатудың маңыздылығы сияқты қомақты мәселелердің түйінін дұрыс шешу міндеті жүктелді.

Аталған міндеттерді жүзеге асыру Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті ұжымы үшін eгeмeн eліміздің тұрaқты дaмуын қaмтитын, мeмлeкeтіміздің бaрлық caлacынa ceрпін бeрeтін, хaлқымыздың игілігін көздeйтін шынaйы іc-жоcпaрғa құрылғaн әрі құндылықтaрымызды зaмaнaуи бaғыттa жaңғыртуғa жол cілтeйтін жaңa қaдaм болды. 

Ұлы Конфуций өз өмір жолын: «Он бес жасымда мен тек терең білімге бет бұрдым. Нәтижесінде, отыз жасымда бағынышсыз тұрмысқа қол жеткіздім. Қырық жасымда кемелдендім. Елу жасымда көктің еркін таныдым. Алпыс жасымда бәріне жеттім. Жетпіс жасымда мақсаттарымның бос болмағанын түсіндім» деген ойлармен сабақтаса, ұлы ойшыл әл-Фараби: «Мақсатыңыз қолжетімсіз екеніне көзіңіз жетсе мақсатыңызды емес, әдісіңізді ауыстырыңыз» деген даналығымен ұштайды, біздіңше, ғұламалар дәл бүгінгі күннің талабын айтып тұрғандай.XXI ғасыр – жаңалығы желдей ескен, адамзаттың санасы ғарыш кеңістігімен таласқан кезең болып тұр, әлем сағат санап өзгеруде, қойылар талап та бөлек.

Кешегі ұстаз талабына сай теориялық білімінің тереңдігімен, мерейінің үстемдігімен ерекшеленсе, бүгінгі жаңашыл ұстазталап үрдесінен шығу үшін алған білімін қолдана білумен қатароқуүрдісін ұйымдастыруымен,білім берудегіқұндылықтар мен оқытудан күтілетін нәтижелерді жүйелей алуымен,қажеттіліктердіанықтап, қолдана алу дағдыларын қалыптастыруымен ерекшеленіп отыр.Қоғам алдында жаңашыл мұғалімнің бойында жеке көзқарасы, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеттерімен қатар, өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын құзіреттілікке ие мамандар дайындау міндеті тұр.

Бұл бағытта жарты ғасырдан аса тарихы бар,ұстазға артылар – жүк, қойылар – талап жоғары болатынын жақсы түсінетін Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлының басшылығымен атқарылып жатқан университет ұжымының жеңістері мен жетістіктері де сүбелі. Қашан да жаңашылдықтың жаршысы болып жүретін басшымыздың тынымсыз тірлігі біздің инновацияларды жылдам қабылдап, тез арада нәтижелі іске асырып отыруға серпіліс береді. Бастысы мемлекеттің білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттарына сәйкес білім беру жүйесін түбегейлі жаңғыртуды басты мақсат тұтады. Бұл білім берудің барлық деңгейлерінде оқытудың заманауи әрі жаңа сапасын жүзеге асыруды талап етеді.

Бұл тұста атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстар өте көп, негізгі даму басымдығымыз — жоғарғы корпоративтік мәдениетіне негізделген стратегиялық жоспарлау мен қаржылық менеджменттіміз қалыптасты, академиялық ұтқырлық және халықаралық ынтымақтастықты жоғарылату үшін дүниежүзінің алдыңғы қатарлы педагогикалық университтетерімен, ғылыми-педагогикалық орталықтарымен тығыз серіктестік қарым-қатынастар орнатылды, Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындары Ассоциациясы құрылды, дуальды оқыту жүйесі іске асырылуда, шет елдердің алыс, жақын оқу орындарымен ынтымақтастық байланыс орнатылды, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында профессор-оқытушылар мен студенттер біліктіліктерін жоғарлату мүмкіндігіне ие,үштілді білімді дамыту тағы басқа айта берсек көп жұмыстар атқарылды ол өз жалғасын табады.

Қазіргі таңда білім мен ғылымға қояр талап артып, оқу жүйесі күрделенген шақта жаңа қоғам мен мәртебелі маман иесі мұғалімдерге жүктелер жүк те еселене түсуде. Ұстаз қауымы алдында білім беру мен ғылым ғана емес, сондай-ақ өркениет көшіне жол бастайтын, әрі ұлттық рухта тәрбиеленген білімді де білікті маман тәрбиелеп шығару міндеті тұрғаны айқын әрі бұл тұрғыда бізге жүктелер жауапкершілік те жоғары екенін жақсы білеміз. Біздін кәсібіміз ерекше кәсіп қой, шәкіртінің бойындағы өзге көрмеген, өзгеге байқалмайтын жақсы қасиеттерді көруге, оны дамытуға бірден-бір жәрдемші болуға тырысып жүреміз, жаңашыл ұстаздың талабын да жақсы түсінеміз.

Бүгінде білім беру саласында көптеген модернизациялар жүргізіліп жатыр, соларды мүмкіндігінше іске асыруға тырысамыз. Орта білім берудің жаңа моделі, ағылшын тілін меңгеру, кәсіптік білім берудің мазмұнының жаңартылуы, электронды оқыту, зияткерлік мектептер арқылы жоғары оқу орындарына дарынды шәкірттер дайындау, рухани жаңғыру жолында жоғары оқу орындарына қойылатын жаңа талаптар, магистрлер мен PhD докторларды дайындау арқылы университеттегі білімсапасын жаңа деңгейге көтеру бірқатар инновациялық жобаларға бастама болып, функционалды сауаттылықты арттыру жолдары мен әдістерін кеңінен қолдану жұмыстары жалғасын табуда.

Бүгін біз білім берудің өзекті мәселелерін талқылаудамыз. Қазақстандықтар мен мемлекетіміз үшін зор маңызы бар білім беру саласында бірлесе жұмыс жасауымыз қажет. Жаңғыруда жаңа серпіліс болып отырған бастамаларды жүзеге асыруда да бізге жүктелер жүк салмақты, тез шешуді қажет ететін мәселелер аз емес. Десек те, біз даму жолдарын  көріп отырмыз. Ең басты мақсат – білім сапасын арттыруға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін осы үдеріске әрқайсымыз өз тарапымыздан белсенділік көрсетуге тиіспіз.

Бүгінде біздің ұжымайтылған мәселелердің өзектілігінтерең ұғынып, университет ректоры Ержан Әмірбекұлының қолдауымен білім беру саласындағы қордаланған мәселелерді шешу жолында өзіндік жаңа бастамаларымен жұмыс атқаруға жұмылды. Ашықтық, адалдық, криативтілік принциптеріне жүгіне отырып, білім беру сапасын көтеру, осы уақытқа дейін жалғасын тауып келе жатқан нәтижелі жобалардың жұмысын жандандыру, ұстаздардың кәсіби өсуіне байланысты әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесі шешімін тауып, еңбегіне қарай өтем, яғни дербес қаржыландыру бастамасы жүзеге асырылуда.

Жастардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағдыны қалыптастыру мақсатында кeлeшeк ұрпaқ мүддecін қорғaудың нaқты жолдaрын ұcынып отыр, бүгінде әлемдегі беделді жоғары оқу орындарында білім алуға жаңа мүмкіндіктер жасалып, жақсылықты, өзгерісті нақты сезінуге айрықша көңіл бөлініп отыр. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттер үшін қарастырылған жеңілдіктер, жастардың құқықтық, цифрлы-технологиялық сауаттылығын арттыру бағытындағы іс-шараларды, балалар институтын қолдау, инклюзивті білім беру, жеке тұлғаны зерттеу, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында мақсатты жұмыс жасау мәселелерін жаңа жолдау негізінде жаңғыртып, сәтті іске асырылуына күш салмақ. Жаңалықтарды енгізе отырып, еліміздің табысты болуына, дамуына, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіне өз үлесімізді қосамыз.Ұжым басшысының адам еңбегінің бағалануына ерекше мән беруі, қолдауы, дәріптeуі болaшaғымыздың жaрқын, жолының дaрa болaтындығынa ceнімімізді aрттырaтындығы жәнe жігeрімізді шыңдaйтыны cөзcіз.

Айсұлу ТҰРАРОВА
ТарМПУ, Педагогика жоғары мектебінің деканы,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.