Жаңалықтар

Үздік Әлем Мұғалімінің негізгі критерийі

Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры «Қазақстан мұғалімі 2020» Ұлттық Сыйлығын бастауда. Сыйлық жеңімпазына $10 000 көлеміндегі қаржылай жүлде табысталады, сонымен қатар, үздік 10 финалға қатысушылардың сауалнамалары Нобель сыйлығының педагогтарға арналған теңдесі «Әлем мұғалімі» Жаһандық Сыйлығының іріктеу кезеңіне жіберіледі.

2020 жылдан бастап «Үздік педагог 2019» Республикалық сайысының қатысушыларынан басқа, еңбек өтілі үш жылдан кем емес, бастапқы және орта білім беру мекемелерінің (орта мектептер, гимназиялар, лицейлер) педагогы «Қазақстан мұғалімі 2020» Ұлттық Сыйлығының үміткері бола алады.

Сыйлыққа қатысу үшін http://www.teacherprize.kz ресми сайтында сауалнама толтыру қажет. Сауалнамалар 2020 жылдың 1 мамырынан 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Сауалнамалардың бағаланатын негізгі критерийлерінің бірі — бұл педагогтың қоғамдық маңызы бар әлеуметтік істерге қатысуы.Қоғамдық жобалау оқушылардың тұлғалық қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Педагогтың әлеуметтік жобаларда еңбектенуі балаларды біріктіруге, олардың қарым-қатынасын шығармашылыққа толтыруға, балаларды пайдалы істерге қосуға және олардың сана-сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Үміткерлердің әділ іріктеуін Тәуелсіз қазылар Академиясы жүргізеді, олардың қатарына Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ата-аналар қауымдастығының өкілдері, білім саласындағы тәуелсіз сарапшылар, педагогиканың жетекші мамандары, қоғам қайраткерлері, еліміздің филантроптары кіреді. Халықаралық аудиторлық компания іріктеу үдерісінің аудиті, бағалауы және тестілеуіне қатысып, іріктелген үміткерлердің беделі мен өмірбаяндарына тереңдетілген шолу жүргізеді. Іріктеу Варке Қорының (Varkey Foundation) орнатқан критерийлеріне сәйкес өтетін болады.

«Қазақстан мұғалімі 2019» Ұлттық Сыйлығының Жеңімпазы, Дамыту қорының құрған $10 000 көлеміндегі қаржылай жүлдесінің, «Жаһандық сыйлықтың Қазақстандағы Амбассадоры» атағының иегері болып Нұр-Сұлтан қаласының дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының математика пәні мұғалімі — Гул Муаммер атанғанын еске саламыз. Гул Муаммер Жаһандық сыйлық жеңімпазының есімі жарияланатын білім және дағды Бүкіләлемдік Форумына (Global Education and Skills Forum) қатысады.

Педагогтарға арналған Жаһандық сыйлыққа Қазақстанның қатысуы «Әлем мұғалімі» Жаһандық сыйлығының еліміздегі ресми өкілі — Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылды.

Толық ақпаратты 8 702 278 70 78 нөмірі арқылы ала аласыздар

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.