Жаңалықтар

«Ұстаз» университетінің ұжымы «Қызыл ту» орденінің иегерін Жеңіс күнімен құттықтады

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына орай Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұжымы Тараз қалалық мәслихатымен бірлесе отырып, Ұлы Отан соғысының ардагері Бекболатов Әуесбекті құттықтады.

Биылғы жыл Ұлы Отан соғысына 75 жыл толуымен ерекшеленгенімен, жыл сайын майдан даласында шайқасқан солдаттардың, тыл еңбеккерлерінің куәгерлері азаюда.

Университет басшылығы қалалық мәслихат хатшысымен бірге майдан даласында ерлік көрсеткен, «Қызыл Ту» орденін иегерлерін Жеңіс мерекесімен құттықтады.

Бекболатов Әуесбек ҚазКСР және КСРО Халық ағарту ісінің еңбек сіңірген қызметкері. 1943 жылы әскер қатарына шақырылды. 2-ші Беларусь майданының құрамында, 3-ші Балтық елдеріндегі гвардиялық танк бригадасында болып, Польша, Германияның көптеген қалаларында болған шайқастарға қатысты. Майданда батырлық көрсеткен Әуесбек ата ерлігі үшін «Қызыл Ту»орденімен марапатталды. Соғыстан кейінгі жылдары мұғалім, оқу бөлімінің меңгерушісі, мектеп директоры болып жұмыс істеді.

Университе ректоры Ержан Әмірбекұлы өз сөзінде «Өкінішке орай, сол сұрапыл соғысты басынан өткергендердің қатары қазіргі уақытта аз. Сондықтан бізге, қазіргі ұрпаққа Ұлы Отан соғысының тарихын ұмытпау, жастарға оның батырлары мен оқиғалары туралы айту өте маңызды. Қаза болған және бүгінгі көзі тірі ардагерлердің Отанға деген шексіз махаббаты, батылдық пен төзімділігі, жанқиярлық сүйіспеншілігі, шыдамдылықтары үшін біз жасай алатын ең аз нәрсе ол — алғыс айту. Біз осындай бейбіт заманда кімдердің арқасында өмір сүріп жатқанымызды ұмытпауымыз керек. Ол кісілерге қазіргі жасында әр күн маңызды және көңіл бөлу аса бағалы», — деп атап өтті.

Қонақтар ардагерді Ұлы жеңісімен құттықтап, мерекелік үстелге азық-түлік себетін табыс етті және мықты денсаулық, бейбітшілік, сергектік, бақыт, амандық тіледі.

ТарМПУ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.