Жаңалықтар

Биыл алғаш рет ғылыми жобаларға арналған грантт ардың жаңа түрлері қарастырылды

2020 жылғы 5 мамырда 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға екі конкурс жарияланды. Конкурсты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті ғылымды дамытудың сегіз басым бағыты бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша жариялады.

Гранттық қаржыландырудың дәстүрлі түрлерімен қатар жаңа түрлері де енгізілді.

Біріншіден, жеке немесе бес адамға дейінгі зерттеу топтарының жекелеген ғылыми міндеттерді шешуіне бағытталған, мерзімі 12 айға дейінгі шағын гранттар.

Екіншіден, шетелдік ғалымдармен және ғылыми ұжымдармен ынтымақтастық аясында ірі ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған 27 ай мерзімге берілетін халықаралық коллаборацияға арналған гранттар.

Айта кетерлігі, биыл ғылыми жобаларға арналған гранттардың жаңа түрлері қарастырылған. Сонымен қатар, ғылымның нәтижелі болуын арттыру мақсатында ғылыми жетекшілер мен ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардан күтілетін нәтижелерге қойылатын талаптар да артты.

Конкурстық өтінімдер 2020 жылғы 11 мамыр мен 26 маусым аралығында https://is.ncste.kz сілтемесі бойынша «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде қабылданады.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Қосымша ақпарат үшін сілтемелер:

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/article/details/obyavlenie-o-provedenii-konkursa-na-grantovoe-finansirovanie-po-nauchnym-i-ili-nauchno-tehnicheskim-proektam-na-2020-2022-gody-so-srokom-realizacii-27-mesyacev

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/article/details/obyavlenie-o-provedenii-konkursa-na-grantovoe-finansirovanie-po-nauchnym-i-ili-nauchno-tehnicheskim-proektam-na-2020-2022-gody-so-srokom-realizacii-12-mesyacev

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.