NIS

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ: ЖАҢА ІЗДЕНІСТЕР УАҚЫТЫ

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Айнұр Тоқбаева қазақ тілінде ашқан Youtube арнасында онлайн сервистерді пайдалану арқылы жасақтаған сабақтарын әріптестеріне ұсынады.
Қашықтан оқыту кезеңі -цифрлық технологиялар мүмкіндіктерін барынша пайдалану кезеңі деп білетін жаңашыл мұғалімдер ғаламторға сүйеніп өз тәжірибелерінде жаңа әдістерді, жаңа ресурстарды кеңінен қолдануда.
Айнұр Елеубайқызы филология саласында көп жетістіктерге қол жеткізген тәлімгер. Ұстаздың сабағы «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ педагогиқалық шеберлік департаментінің жасаған қорытындысы бойынша үздік деп танылып, қазіргі таңдағы қашықта оқыту үрдісінде аса сұранысқа ие болып тұрған smk.nis.edu.kz порталына еңгізуге ұсынылды.

  • Сандық ғасыр ұстаздар қауымын уақыттан оза шауып, дағдыларды кеңейтуге талпындырады. Мысалы, өзіңіздің gmail.com электрондық пошта арқылы blogger.com-ге тіркеліп, өз блогыңызды ашып алсаңыз, алдыңызда көптеген мүмкіндіктер ашылатыны сөзсіз. Кәсіби блогыңыз тәжірибе алмасу арқылы онлайн-коммуникацияларыңызды дамытуға көмектеседі, жаңа серпін береді жұмысқа, оқушылармен қарым-қатынасыңыз жаңа деңгейге көтеріледі, жаңа байланыстарға ие боласыз,- деп бөлісті филолог ұстаз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.