“Тәуір – сәуір” онлайн-марафон

Ата-аналар арналған “Тәуір – сәуір” онлайн-марафон бастау алды.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің психологтар қауымдастығы республиканың ата-аналарына арналған бір апталық “Тәуір – сәуір” онлайн-марафонын жүзеге асыруды бастады. Бастамаға барлық тілек білдірген қазақстандық отбасылар қатысуда. Марафонға жалпы жабық онлайн-топтарда республиканың 20 қаласынан 636 отбасы қосылды.
Алматы қаласы химия- биология бағытындағы Зияткерлік мектебінен жүзден аса ата-ана белсенділік танытып, марафонның алғашқы күндерінде отбасылық салт-дәстүрлермен бөлісті, жанұялық елтаңбасын жасады. Алдағы күндерде марафон қатысушылармен тікелей эфирге психология саласының маманы, балалар тәрбиесінің қыр-сырларын меңгерген Виктория Шиманская шығады, басқа да пайдалы кездесулер мен тренингтер жүргізіледі. Марафон ата-аналарға қашықтықтан оқыту күндері құнды тәжірибелік кейс ретінде әр жанұяда сенім, бірлік және өзара түсіністік жағдайын құруға және сақтауға көмектеседі. Жаңалықтарды ➡️ @nis_psysociety Инстаграмм парақшасында біліп отырыңыздар!
