ҒЫЛЫМИ БАЙҚАУДАҒЫ ЖЕҢІС
Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 «А» сынып оқушысы Әсем Бақытқызы Бүкілресейлік В.Вернадский атындағы ғылыми зерттеулер байқауының лауреаты атанды. Әсемнің жұмысы қазылар алқасымен «Жаратылыстану» категориясында қаралып , «Эксперименталдық зерттеулер» номинациясында I орынды иеленді.

- Бұл менің алғаш рет байқауға қатысуым. Мен үшін пайдалы тәжірибе болды. Химия-биология саласында білімімді тереңдетіп, келешекте де ғылыми жарыстарға қатысатын ойым бар,- деді зияткер оқушы.
Мектепте төрт жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Ғылымның есігін бірге ашайық» деген жоба арқылы оқушыларда Алматының ЖОО мен ҒЗИ ғалымдарымен бірігіп ғылыми- зерттеу жобаларымен айналысатын мүмкіндіктері бар. Әсем Бақытқызының ғылыми жетекшісі – Ж. Жиембаев атындағы Қазақстан өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтының PhD докторы Әйгерім Қойгельдина.
