NIS

Әлемнің үздік 25 студенттер қатарында – Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушысы

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Сапарали Бернарға АҚШ-тың Computer Science саласындағы үздік оқу орны болып табылатын Norwich University толық білім грантын ұсынды. Зияткерлік мектептің үздік оқушысы әлем бойынша 25 студентті ғана қабылдайтын университеттің Honor Program бағдарламасына шақырту алды. Бернар басқа да көрсеткіштерімен қоса, арнайы конкурстық іріктеудің 4 кезеңінен өтіп, өз біліктігін дәлелдеп шықты.

Сапарали Бернардың бұл жетістігі жаратылыстану мен математика ғылымдары саласында жинаған академиялық білімінің айқын нәтижесі. Оқушы физика пәнінен желілік және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, Phystech-International халықаралық олимпиада, республикалық олимпиаданың қола медалі, қалалық Жәутіков олимпиадасының Бас жүлде иегері.

Болашақ түлек академиялық жетістіктерімен қатар стартап-идеяларды әзірлеп әлеуметтік ортаны жақсартуға бағытталған ғылыми-зерттеу жобаларының авторы болып саналады. Бернардың қоржынында- мүмкіндігі шектеулі адамдарға қала бойынша қозғалыстарын жеңілдетуге арналған «SmartG» мобильдік қосымшасы, шамалы көретіндерге көмектесетін «Clever Crutch» инновациялық таяқ жобалары бар. «Clever Crutch» арқылы Бернар жыл сайынғы «IoT Hackathon» инновациялық идеялар байқауының Бас жүлдесімен жобаны одан әрі дамытуға арналған ақшалай сыйақыға қол жеткізді.

Сапарәлі Бернардың айтуынша, Norwich Universityге тоқтаған себебінің бірі университет қолданбалы оқыту үдерісімен интеграцияланған академиялық және практикалық зерттеу тәжірибені қатар ұсынады.

  • Зияткерлік мектеп мұғалімдеріме үнемі қолдау көрсеткені үшін, білім, зерттеу жобаларындағы алған тәжірибем үшін ризамын. Маған көмектескен, алдыға жетелеген дағдыларымды мен Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектептің қабырғасында алдым, — деп ағынан жарылды Бернар.

В числе лучших 25 студентов мира – ученик Назарбаев Интеллектуальной школы г.Алматы

Ученик 12 класса Назарбаев Интеллектуальной школы химико-биологического направления г.Алматы Сапарали Бернар стал обладателем полного образовательного гранта Norwich University (CША), по специальности Computer Science. Один из лучших учеников НИШ ХБН г.Алматы получил приглашение на самую престижную университетскую программу — Honor Program, куда проходят ежегодно только 25 студентов со всего мира. Вместе с другими показателями, Бернар успешно прошел 4 тура конкурсного отбора, где смог показать весь свой потенциал.

Поступление Сапарали Бернара стало результатом его высоких академических знаний по естественно-математическим наукам, которые он приобрел благодаря учебе в Интеллектуальной школе. Ученик является победителем и призером сетевых и республиканских олимпиад по физике, обладателем бронзовой медали Международной Олимпиады Phystech-International , Республиканской олимпиады по физике, Гран-при городской Жаутыковской олимпиады.

Будущий выпускник успешно совмещает академические достижения с разработкой стартап-идей, являясь автором нучно-исследовательских проектов, направленных на улучшение социальной среды. В копилке у Бернара — создание инновационного приложения «SmartG» для облегчения навигации по городу людям с ограниченными возможностями, разработка инновационной трости «Clever Crutch”, которая поможет слабовидящим ориентироваться на месте. Проект «Clever Crutch” принес Бернару Сапарали Гран-при ежегодногоконкурса инновационых идей «IoT Hackathon» и денежное вознаграждение на дальнейшее развитие проекта.

Основной причиной своего выбора в пользу Norwich University Бернар называет богатый академический и практический исследовательский опыт университета, в тесной интеграции с прикладным процессом обучения.

    • – Я благодарен своим учителям в НИШе за постоянную поддержку, за знания, опыт в исследовательских проектах. Самое лучшее, что мне помогло и с чем я иду в выбранный мною университет, я приобрел здесь, в стенах Интеллектуальной школы химико-биологического направления г.Алматы,- признается Бернар.

Пресс-служба НИШ ХБН г.Алматы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.