Алматылық әскери қызметшілер #Bizbirgemiz акциясына қосылды

Елбасы жариялаған республикалық #Bizbirgemiz акциясы аясында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына азық-түлік қораптарын таратты.

Аталған әскери институттың бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков қайырымдылық акцияның маңыздылығын атап өтті.

  • Әскери қызметшілер «Біз біргеміз!» акциясы аясында әлеуметтік жағынан осал отбасыларына азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті заттармен қамтамасыз етіп, көмек көрсетті. Әскери қызметшілер халықпен бірге және әрқашан қолдау көрсетеді, – деді ол.

Алдымен мұқтаж отбасылардың тізімі жасалды, тізімге 15 ҰОС ардагерлері және 5 аз қамтылған отбасы енді. Әскери қызметшілер әр отбасыға мекен-жайы бойынша азық-түлік қораптарып жеткізіп берді.

  • Әскери қызметшілерге шексіз алғысымды жеткіземін. Бүгінгі қиын кезде дәл осы көмекке мұқтаж едік. Бізді ұмытпай, елеп-ескеріп жүргендеріңе мың алғыс, – деді Алматы қаласының тұрғыны, ҰОС ардагері Асқарбаев Жаркошы ақсақал.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі
фото РЭжБӘИИ

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше