Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жүргізілді

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілерімен әкімшілік және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша кездесу өтті. Аталған шара ҚР Қарулы Күштерінде әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша «Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Жиынның басты мақсаты әскери қызметшілердің құқықтық білімін кеңейту, әскери ортада сыбайлас жемқорлықтың элементтерін жою, алдын алу шараларын күшейту болып табылады.

Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бөлімшесінің офицері әділет капитаны Рауан Саурық әскери институттың жеке құрамына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі талаптарын түсіндіріп, бейнежазбалар көрсете отырып, соңғы екі жылда орын алған сыбайлас жемқорлық деректерін жеткізді.

«Сыбайлас жемқорлықтың ешкімге абырой әпермейтіні айқын. Сондықтан әскери қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бермеуге шақыру мақсатында кездесу өткіздік», — деді өз кезегінде әскери полиция жасағының өкілі әділет капитаны Р.Саурық. Шара соңында құқықбұзушылықтар орын алған жағдайда хабарласу үшін анықтама телефон нөмірі ұсынып, жадынама таратылды.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.