NIS

Абайдың 175 жылдығына арналған Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының тұсаукесері

Қазақстанда бастау алған Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай қазақ сахнаның майталмандары елге шығып өнер көрсетуді қолға алып жатыр. Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары, оқушылары мен ата-аналарына арнап «Абай және музыка әлемі» атты музыкалық сазды кеш ұйымдастырды.

Зияткерлік мектептің акт залында өткен концерттік бағдарлама шымылдығын Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы ашты. Өткен жылы 80 жылдық мерейтойын атап өткен капелланың солистері, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Хамит Отарбаев пен Фархат Кубиев Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы»әндерін орындады.

1944 жылы Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди Абайдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абай» операсын алғаш рет көрерменге тарту еткен болатын. Сазды кеште «Абай» операсынан Ажардың ариясын Халықаралық байқаулардың лауреаты Әсем Аубакирова орындады.

Музыкалық кешті Қазақстан мен әлемнің үздік классикасымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының профессоры Жанат Ерманов жетекшілік етіп отырған Мемлекеттік қарағайлы үрмелі аспаптар квинтеті жалғастырды.

Концерттідәстүрлі өнердің қара шаңырағы «Алатау» театры қолдап, сахнада фольклорлық-этнографиялық ансамблінің орындауында қазақ композиторларының күйлері шырқалды.

Қазақ филармониясының тарту еткен шығармашылық кеші Зияткерлік мектеп ұжымын, оқушыларды өнер нәрімен сусындырып, рухани байытып, Абайдың музыка әлемінің тылсым дүниесін ашқандай болды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.