Қадыр Мырзалиев «Нұр» өлеңі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кентіндегі № 170 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ҚОЖАБЕРГЕН МӨЛДІР ЕСЕТҚЫЗЫ
Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырзалиев «Нұр» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ақын өлеңін талдай отырып, идеялық мазмұнын ашу, өлең тілінің көркемдігін жеткізу;
Дамытушылық: оқушылардың ой көкжиегін дамыту, сөйлеу тілін байыту, ауызша және жазбаша ойларын еркін жеткізуге бағыттау, шығармашылыққа баулу;
Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты қорғауға, мәпелеп баптауға, отансүйгіштікке және адамгершілік сапаларға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Ой қозғау, түсіндірмелі, талдау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта
