NIS

ЖАҚСЫЛЫҚТЫ ЖАНЫНА СЕРІК ЕТКЕН

«Жылды жақсылықпен баста» жобасының аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары ЮНЕСКО клубымен бірлесе отырып, көпбалалы отбасылардың балалары мен онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға әртүрлі ойыншықтар, кітаптар мен кеңсе тауарларын үлестірді. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқушылар мен клуб мүшелері қаламыздағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығымен» және «SOS Балалар ауылдары базасында балалар мен отбасын қолдау орталығымен» тығыз байланыста жұмыстар атқарды, — деп хабарлайды «Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалының баспасөз хатшысы Сандуғаш Кожина.

Екі апта бойы Халықаралық мектеп қауымдастығы қайырымдылық мақсатында қажетті заттарды жинаумен айналысты. Жиналған заттарды өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары сұрыптаудан өткізіп, кешіктірмей қос бірдей орталықтағы балаларға жеткізді. Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының қызметкерлері ойыншықтарды туған күн иелері мен қатерлі ауруды жеңіп кішкентай чемпиондарымызға табыстайды. Ал «SOS Балалар ауылдары базасында балалар мен отбасын қолдау орталығы» келіп түскен ойыншықтар мен кітаптарды аз қамтылған және көп балалы отбасыларға тарататын болады.

Бұл игі істің басты мақсаты – мектеп ұжымын ұйыстыра отырып, көмекке шын мұқтаж жандарға қол ұшын созу. Жоғары адамгершілік құндылықтары қалыптасқан, өз елінің мәдениетін бағалай білетін және өзгелердің мәдениетін құрметтейтін, өмір бойы білім ала отырып, әлемді өркендетуге үлес қосуға дайын, дені сау, зияткер, шығармашыл, табысты тұлғаны тәрбиелеу миссиясын алға қойған Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп осы тектес ауқымды жобаларды үнемі жүзеге асырып отырады.

Балаларды ізгілікке шақырып, игі істерге қатыстыру арқылы мектеп қызметкерлері олардың бойына жанашырлық пен қамқорлық секілді қасиеттерді дарытуға тырысады. Өзге адамға көмектесу, қол ұшын созу мүмкіндігін сыйлай отырып, біз адамгершілігі мол және жүрегі жылы азамат пен азаматшаларды тәрбиелей аламыз. Бұл мектебіміздің ғана емес, Халықаралық бакалавриат бағдарламасының да басты ұстанымы болып табылады.

Жобаның нәтижелеріне талдау жүргізе отырып, балалардың жауапкершілігін, көмек көрсетуге деген ұмтылыстарын ерекше атап өтуімізге болады. Бір айта кетерлігі, оқушылар мұнымен шектелмей, балаларға танымдық фильмдер мен мультфильмдердің DVD дискілерін сыйға тартты. Бұдан былай «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» ем қабылдап жатқан балалар бос уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізе алады.

Екі орталықтың қызметкерлері мектеп қауымдастығы мен ЮНЕСКО клубына өз алғыстарын білдіріп, игі бастамаларына сәттілік тіледі. Біз оқушыларымызды мақтан тұтамыз!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.