Жаңалықтар

Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түр ік университетіне ерекше мәртебе берілді

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ерекше мәртебеге ие болды. Университеттің ерекше мәртебесі оған үлкен академиялық және басқарушылық дербестік бере отырып, PhD. философия докторы мен сала бойынша доктор дәрежесін тағайындауға, білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтауға және жеке үлгідегі дипломдарды беруге мүмкіндік жасайды.

Университет 1992 жылы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласында құрылды және бүгінде Қазақстандағы жалғыз халықаралық университет болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге, яғни, білім беру сапасын арттыруға, оның халықаралық стандарттарға сай болуына, ғылым мен білімнің интеграциясына баса назар аударып отыр.

Университеттегі білім беру грантының құны да артатын болады. Бұл профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын арттыруға және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жаңартуға мүмкіндік береді. Бұл шаралардың барлығы университетке ғылыми және педагогикалық кадрларды тартуға, осы аймақтың дамуына серпін беріп, оның алдына қойылған мақсаттарға жетуге ықпал ететін болады.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Международному казахско-турецкому университету имени Ходжи Ахмеда Ясави присвоен особый статус

Указом Президента Республики Казахстан от 15 января 2020 года Международному казахско-турецкому университету имени Ходжи Ахмеда Ясави присвоен особый статус. Присвоение Университету особого статуса наделяет его большей академической и управленческой самостоятельностью, в том числе возможностью присуждения степени доктора философии PhD. и доктора по профилю, определения содержания образовательных программ и выдачи дипломов собственного образца.

Университет создан в 1992 году в Туркестане по инициативе Елбасы Н. А. Назарбаева и на сегодня является единственным международным университетом в Казахстане. Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев уделяет большое внимание этому вопросу, в том числе повышению качеству образования, соответствию его международным стандартам, интеграции науки и образования.

Повышается также стоимость образовательного гранта по программам Университета, что позволит повысить заработную плату профессорско-преподавательскому составу и обновить материально-техническое обеспечение. Все эти меры должны позволить Университету стать полюсом притяжения научных и педагогических кадров, дать импульс развитию всего региона, а также достичь поставленных перед ним целей.

Пресс-служба МОН РК.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.