NIS - НИШ

Ұстаздар форумы — Педагогический форум

Ұстаздар форумы: «Ұлы даланың жеті қыры»: құндылықтар арқылы оқыту»

Алматы қаласындағы химия және биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі NIS тәжірибесін алмасуға арналған білім беру алаңы ретінде Ашық есік күнін ұйымдастырып, қала және облыс мектептерінің үш жүз мұғаліміне педагогикалық форум өткізді. Ашық есік күні аясында ОМ мұғалімдері үшін «Ұлы даланың жеті қыры»: құндылықтар арқылы оқыту» тақырыбында ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттары өткізілді.

Коучинг-сессияда NIS әдістері мен тәжірибесін осы уақытқа дейін орта мектептерге таратылған жақтарына көз жүгіртіп, енгізілген тәжірибе қорытындыланды. Ұстаздар өз мектептерінде жаңартылған білім беру мазмұнының тәсілдерін пайдаланған тұстарымен бөлісті.

Барлық ашық сабақтар арқылы «Ұлы даланың жеті қыры»бағдарламасы ашылып, жан-жақты талқыланды. Әрбір мұғалім сабақ мазмұнына бағдарлама мақалаларын өз пәнінің призмасы арқылы көрсетуге тырысты. Орта мектеп мұғалімдері, әдіскерлер өз пікірлерін білдіргенде, НЗМ мамандарының осы тараптағы авторлық көзқарастары өте қызықты және тартымды болғанын айтып өтті.

Ашық есік күні аясында TEDх форматында өткен үш ұрпақтың өкілдері — аға буын мұғалімі, жас мұғалім және 11-сынып оқушылары, «Менің құндылықтарым — менің ұстанымым» атты баяндамаларын көпшілікке паш етті. Оқу үрдісінде, мектептің әлеуметтік және басқа да жобаларында жеке құндылықтар, білім орда және жалпы рухани-адамгершілік құндылықтары өзара байланыста болып, бір –бірін байытып, жеке тұлға ретінде және кәсіби мансабында табысқа жетулеріне итермелейтінін айтып өтті.

Тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары Л. Т. Қыздарбекова және кураторлық қызмет семинар тыңдаушыларына Зияткерлік мектеп қабырғасында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік және рухани — мәдени жобалар арқылы құндылықтар қалай сіңірілетіндігін көрсетті.

Педагогический форум по трансляции опыта NIS

Назарбаев Интеллектуальная школа химии и биологии в Алматы как образовательная площадка для обмена опытом NIS в рамках Дня открытых дверей провела Педагогический форум для трехсот учителей средних школ города и области. В день открытых дверей учителя ОШ стали одновременно и слушателями, и участниками открытых уроков, круглых столов, воспитательных часов на тему: «Семь граней великой степи» :обучение через ценности». На коуч-сессии состоялся двусторонний анализ достигнутого на сегодняшний день внедрения методов и опыта NIS в ОШ и перспектив дальнейшего сотрудничества. Учителя общеобразовательных школ делились своим опытом применения методов и инструментов обновленного содержания образования в своих школах, услышали ценные советы и рекомендации педагогов НИШ, работающих по программе уже не один год. Педагоги посетили мастер-классы , где своими руками пробовали сделать предметы народного промысла, почувствовали знергию древнего гончарного искусства.
Через все открытые уроки прошли красной нитью основные моменты программы «Семь граней великой степи». В содержание уроков каждый учитель попытался включить свое авторское видение статей документа через призму учебной программы своего предмета. Как поделились учителя ОШ, это было очень интересно и неожиданно, показало творческий и креативный подход учителей НИШ к своему предмету.
В рамках Дня открытых дверей представители трех поколений Интеллектуальной школы поделились историями своего успеха на тему «Мои ценности — моя позиция » в формате TEDх. Учитель старшего поколения, молодой учитель и ученики 11-ых классов в своих выступлениях сделали основной акцент на то, как перекликаются ценности личностные, ценности школы и ценности народа в учебном процессе, в социальных и духовно-нравственных проектах школы и как можно, проникнувшись их глубоким смыслом, обогатить собственную установку и достичь успехов в своей профессиональной карьере, учебе.

Богатый материал по воспитательной работе получили учителя от семинара заместителя директора Кыздарбековой Л.Т. и кураторской службы, где наглядно было показано, как прививаются ценности через реализующиеся в стенах Интеллектуальной школы социальные и духовно- культурологические проекты.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.